Жас ғалымдар кеңесі
Тәуелсіздік жылдарындағы отандық ғылымның соңғы уақыттағы ең үлкен жетістігі – ол жас мамандардың ғылым саласына келуі. Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Бүгінгі күні Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 400 жуық ұйым бар. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елімізде білім беруді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асырылуда.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі (бұдан ары қарай – ЖҒК) ҚР БжҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында қызмет ететін және білім алатын жас тарихшылар мен зерттеушілердің мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйым болып табылады. Кеңестің негізгі міндеттері: жас зерттеушілердің кәсіби мүдделерін қалыптастыру; Институтта жас мамандардың орнықтыруы мен жас кадрлардың өсуіне қолдау көрсету; ҚР БжҒМ Ғылым комитеті, ҚР БжҒМ және ТЭИ бекіткен ғылыми қызметтің негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысында қолдау көрсету; ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін дәріптеу және насихаттау жұмыстарына қатысу.
Ғылым саласындағы ғылыми мектептер мен ғылыми кадрлардың әлеуетін қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі – осы жас ғалымдар кеңесі жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылуда. ЖҒК 1950 жылдардың ортасында ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін Институттың Жас ғалымдар кеңесінің төрағалары республика бойынша жоғары деңгейде белгілі ғалымдар болған, олар: Сүлейменов Рамазан Бимашұлы, Кеңес Нұрпейіс, Байпақов Карл Молдахметұлы, Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы, Әбусеитова Меруерт Қуатқызы, Масанов Нұрболат Едігеұлы, Балақаева Ләйлә Төлтайқызы, Өскенбай Қанат Зұлқарышұлы, Енсенов Қанат Алексейұлы, Рахымқұлов Дәуітхан Айтжанұлы, Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлы, Құрманалина Нұргүл Нұрсұлтанқызы, Әпендиев Тимур Әкімханұлы.
Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын тиімді түрде бағыттап отыру мақсатында әр жылдың басында жылдық жұмыс жоспары бекітіледі. Сол бойынша кеңестің мүшелері (жас қызметкерлер) Институтта жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жобаларына орындаушылар ретінде белсенді түрде қатысады және Институтта ұйымдастырылатын барлық қоғамдық іс-шараларға (дөңгелек үстел, конференция, дәріс, семинар, байқау және т.б.) атсалысады. Ғылыми-зерттеу жобаларына орындаушылар ретінде қатысып, жас мамандар Қазақстан шеңберінде және шетел елдерінде ғылыми тәжірибе жинау мақсатында ғылыми іс-сапарларға қатысады. Институттың магистранттары мен докторанттары алыс және таяу шет елдерінің алдынғы қатарлы ЖОО мен ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, ЖҒК-нің мүшелері белсенді түрде бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасап, өз ғылыми ізденістерінің нәтижелерін ғылыми журналдар мен мерзімді баспасөзде жариялайды. Соңғы 10 жылда әрбір тоқсан сайын ЖҒК жас буын өкілдері арасында ғылымды насихаттау, оларды патриоттық тәрбиеге баулу, тарихи санасын қалыптастыру мақсатында жас зерттеушілерге арнап дөңгелек үстелдерді өткізумен айналысып келеді.
Жас ғалымдар кеңесінің қазіргі құрамында 19 қызметкерлер бар. Кеңес мүшелегінде 3 PhD доктор бар, олар – Әпендиев Т.Ә., Қозыбаева М.М., Құрманалина Н.Н.; ғылым кандидаты – Рысқұлов Т.Ә.; 8 PhD докторант – Морякова М.Т., Лебаев Ф.Р., Мырзаходжаев Қ.М., Әшім Б.Ә., Марғұлан А.С., Закарья Р., Қуанбай О.Б., Куркеев Е.М.; 7 магистр – Күнікеев А.Д., Зикирбаева В.С., Конқабаева А.Н., Оралова А.А., Кочиев Э.Р., Ақпар А., Тылахметова А.С.Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы – Морякова М.Т.Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары – Күнікеев А.Д.Жас ғалымдар кеңесінің хатшысы – Зикирбаева В.С.
ЖҒК жыл сайын бекітілетін жоспарына сәйкес келесі тұрақты іс-шаралардың жүзеге асырылуын қарастырады:– «Ақ жол» демократиялық партиясы ұйымдастыратын жылдық «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауына қатысу;– ТМД жас тарихшы-ғалымдардың Халықаралық жазғы мектебінің жұмысына қатысу;– Жас ғалымдарға арналған Е. Бекмаханов сыйлығына республикалық байқау шарасын ұйымдастырып өткізу;– Жас тарихшы ғалымдардың дәстүрлі түрде өткізілетін ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу.
Институттың жас ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Қазіргі уақытқа дейін Білім және ғылым министрлігімен жарияланатын келесідей жоба конкурстарына талаптарға сай келетін дәрежелері бар қызметкерлер өз атынан жоба өтінімдерін даярлайды, ғылыми дәрежелері жоқ, талапқа сәйкес келмейтін қызметкерлер орындаушылар ретінде жобаларды әзірлеуге атсалысады: 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы; 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы.Қазіргі уақытта Институттың PhD жас қызметкерлері (Қозыбаева М.М., Құрманалина Н.Н.) ғылыми жетекшілер ретінде келесі жобаларды жүзеге асырады:1) AP08052897 «Соғыстан кейінгі онжылдықтағы Қазақстандағы шаруалар: әлеуметтік өзгеруі мен күнделікті өмірі»;2) AP08052271 «Қазақ хандарының, сұлтандарының және батырларының өмірі мен қызметінің беймәлім қырлары туралы құпиясыздандырылған Ресей мұрағаттары (18 – 19 ғасырдың бірінші жартысы)».
Жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің жартыжылдық және жылдық есептері келесі критерийлер (жарияланыдары) бойынша құрастырылады:
- Scopus/Thomson Reuters базасына кіретін ғылыми басылымдардағы мақалалар;
- БҒСБК-не (КОКСОН) кіретін журналдарда жарық көрген мақалалар;
- РҒДИ (РИНЦ) базасына кіретін ғылыми басылымдарда шыққан мақалалар;
- Халықаралық конференциялар жинақтарында жарық көрген мақалалар;
- Республикалық, облыстық, қалалық конференциялар жинақтарында жарық көрген мақалалар;
- БАҚ беттерінде жарық көрген мақалалар;
- Энциклопедияда жарық көрген мақалалар;
- Басқа да іс-шараларға қатысу (дөңгелек үстел, телебағдарлама, ашық алаң т.б.), редакциялық жұмыстар, сертификаттар, марапаттар, алғыс хаттар т.б.2019 жылдан бастап ЖҒК өкілдері атаулы стипендиялардың иегерлері болды:2019 ж. 23 мамыр – Лебаев Фархат (ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А. Х. Асылбековтың 90 жылдығына арналған конференция).2019 ж. 5 желтоқсан – Жүнісбаев Алмас, Қали Айнұр, Марғұлан Аида, Морякова Малика (ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нүсіпбеков Ақай Нүсіпбекұлын еске алуға арналған жыл сайынғы VII Нүсіпбеков оқулары аясындағы «Академик Ақай Нүсіпбеков және Ұлы Дала тарихын зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция).2020 ж. 26 қараша – Закарья Рахметолла, Зикирбаева Венера (көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, «Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі және Ақай Нүсіпбековтің мұрасы» тақырыбында жыл сайынғы VIІI Нүсіпбеков оқулары аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нүсіпбеков Ақай Нүсіпбекұлы, сонымен қатар Кеңес Одағының Ұлы Отан және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция).2020 ж. 15 желтоқсан – Мырзаходжаев Қуаныш (көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967), ҚР ҰҒА академигі (2003), Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1974), Ұлы Отан соғысына қатысушы (1941-1945) Досмұхамед Кшибекұлы Кшібековтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Қазақстанның тарих ғылымының философиялық мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция).2020 ж. 23 желтоқсан – Арепова Анар (көрнекті қоғам қайраткері, саясаткер, тарихшы ғалым, т.ғ.д., профессор Зардыхан Қинаятұлының 80 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихы және тұлға» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция).2020 ж. 24 желтоқсан – Әшім Бағлан, Күркеев Ержан (көрнекті шығыстанушы ғалым, библиограф, этнолог, филология ғылымдарының кандидаты Нығмет Сәбитовтің 125 жылдығына арналған «Н. Сәбитовтің ғылыми мұрасы және қоғамдық-ағартушылық қызметі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция).2021 ж. 21 желтоқсан – Қонқабаева Арайлым, Тылахметова Анар (жыл сайынғы ІХ Нүсіпбеков оқулары шеңберіндегі республикалық ғылыми-практикалық конференция).2022 ж. 25 наурыз – Кочиев Эльнур, Оралова Ақнұр (Көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының құрметіне «Білім беру жүйесінде отандық тарихты зерделеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция).