-
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер! 2026 жылдың 25 қарашасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың құрметіне арналған «XVII – XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері: деректер, тарихнама және зерттеу әдістері» атты ІІ Халықаралық ғылыми форум өткізеді Форумның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеу және насихаттау, сондай-ақ…
-
Қазақстан тарихын зерттеудегі халықаралық ғылыми ынтымақтастық арта түсті

2026 жылғы 14 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен белгілі америкалық тарихшы, Мэриленд университетінің профессоры Сара Кэмеронмен кездесу өтті Сара Кэмерон – Қазақстан тарихын, оның ішінде қазақ даласындағы ашаршылық мәселесін зерттеуге елеулі үлес қосқан ғалым. Оның «Аштық жайлаған дала: ашаршылық, зорлық-зомбылық және кеңестік Қазақстанның құрылуы» атты еңбегі Қазақстандағы кеңестік…
-
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛЯКТАР: ТАРИХ ЖӘНЕ ЖАД» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің кітапханасында поляктардың Қазақстанға жер аударылғанына 90 жыл толуына орай «Қазақстандағы поляктар: тарих және жад» атты дөңгелек үстел өтті Іс-шараны Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейі, Сібір жады музейі және Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырды.…
-
Институтта америкалық ғалым Ян Кэмпбеллмен кездесу өтті

2026 жылғы 9 қыркүйекте Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қазақстан тарихын зерттеумен айналысатын белгілі америкалық ғалым Ян Кэмпбеллмен кездесу өтті Іс-шара аралас форматта ұйымдастырылып, қатысушылар офлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн режимде қатысты. Кездесудің басында Институттың бас директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов «Жаңа…
-
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақстан өңірлерінің тарихы: архивтік дереккөздер, ауызша тарих және фольклорлық мұра» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті Іс-шара «Қазақстан тарихының өңірлік аспектілерін пәнаралық зерттеу (жаңа архив материалдары мен фольклор шығармалары негізінде)» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында ұйымдастырылды. Аралас форматта өткен конференцияға Қазақстан, Ресей, Иран, Түрікменстан және Әзербайжан…
-
ӨЗБЕКСТАНДА ЖАС ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ V ЖАЗҒЫ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

2026 жылғы 23–30 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасында Жас тарихшылардың халықаралық V жазғы оқулары өтті Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан мемлекеттерінің жас тарихшыларын бір алаңға тоғыстырған бұл халықаралық ғылыми іс-шараға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жас зерттеушілері Е. Куркеев, М. Қайрат және Ж. Бакирова қатысты. Жазғы оқулардың басты мақсаты – жас тарихшылар арасында…
-
Институтта цифрлық технологияларға арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 24 тамызда Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Тарихи-этнографиялық зерттеулерде цифрлық құралдарды қолдану перспективалары: метаграфтық модельдеу және нейрокогнитивтік болжамдық бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Кездесудің негізгі спикері — ғылым докторы, профессор Ирина Советовна Карабулатова. Ол Қытайдың Харбин қаласындағы Хэйлунцзян университеті Цифрлық гуманитарлық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу…
-
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жошы Ұлысының мұрасын зерттеуге арналған Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген отырысына қатысты

2026 жылғы 13 тамызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының «Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің перспективті бағыттары» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы өтті «Ғылым ордасында» өткен жиынға ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, академиялық қауымдастық өкілдері, сондай-ақ Жошы Ұлысы мен Алтын Орда тарихын, археологиясын, этнологиясын, фольклорын, генетикасын және басқа да бағыттарын зерттейтін ғалымдар қатысты. Кеңейтілген…
-
Санкт-Петербург (РФ) қаласына жасалған ғылыми іссапар туралы

2026 жылдың 17–30 шілде аралығында «Қазақстандық Оралдағы қазақ-орыс қатынастарының спецификасы: идеология мен практиканың өзара байланысы тарихи аспектіде» (ЖТН AP23487682) атты гранттық қаржыландыру жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес Институттың жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.А. Шотанова және аға ғылыми қызметкер, PhD М.Т. Морякова Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына ғылыми іссапарды жүзеге асырды. Ғылыми сапардың негізгі…
-
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Бақыт Еженханның «Абылай хан дәуіріндегі Қазақ-Цин қарым-қатынастары» атты монографиясының тұсаукесері өтті

2026 жылғы 23 шілдеде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында белгілі қазақстандық шығыстанушы-тарихшы, тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженханның «Абылай хан дәуіріндегі Қазақ-Цин қарым-қатынастары» атты жаңа монографиясының тұсаукесері өтті Ғылыми жиынға еліміздің жетекші тарихшылары мен шығыстанушылары, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар және жас зерттеушілер қатысты. Іс-шараны Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология…

