Жаңалықтар
-
«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов «Үздік ғылыми қызметкер-2022» атанды 2022 жылдың желтоқсан айының соңына қарай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» атты жыл сайын өткізілетін байқауы бойынша еліміздің үздік ғалымдарын анықтады. Аталмыш байқаудың «Гуманитарлық және өнер ғылымдары» бағыттары бойынша жеңімпаздарының қатарында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор […]
-
«ДАЛА ЭКСПЕДИЦИЯСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ЕЛ БІРЛІГІН ЕСЕЛЕГЕН АЛТАЙ БИ НАЙМАНБАЙҰЛЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
2022 жылғы 28 желтоқсанда «Алтай би» қоғамдық қоры бастамасымен, Алматы қаласы әкімшілігі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, әл-Фараби атындағы КазҰУ, Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университеті, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институтының ұйымдастыруымен «Дала экспедициясы негізіндегі деректер және Ел бірлігін еселеген Алтай би Найманбайұлы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция […]
-
Көрнекті этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» орденінің иегері, Шығыс елдері халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Серік Ескендірұлы Әжіғалидің 70 жылдығына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы
2022 жылғы 23 желтоқсанда ҚР ҒжЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті этнолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық Шығыс елдері академиясының корреспондент-мүшесі Серік Ескендірұлы Әжіғалидің 70 жылдығына арналған кеңейтілген ғылыми кеңес отырысын өткізді. Серік Ескендірұлы – этноархеолог, тарих және мәдениет жанашыры, Еуразия даласы ескерткіштері, қазақ халқының халықтық сәулетшілігі және […]
-
БЕЛГІЛІ ТАРИХШЫ БЕГЕЖАН СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ХІХ-ХХ ҒҒ БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2022 жылғы 20 желтоқсанда академик «Ақай Нүсіпбеков» оқулары аясында, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты белгілі тарихшы Бегежан Сүлейменовтің 110 жылдығына арналған «ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-теориялық конференциясын ұйымдастырды. Сүлейменов Бегежан Сүлейменұлы (1912-1984) – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР […]
-
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
2022 жылғы 19 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтымен (РЭжБӘИИ) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Кездесу Институттың А. Нүсіпбеков мемориалдық кабинетінде өтті. Радиоэлектроника және байланыс институты тарапынан (РЭжБӘИИ) бастшысы, полковник Даутов Қайрат Сапарбекұлы, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының басшысы, полковник Жанұзақов Арман Жанұзақұлы қатысты. Қол […]
-
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні!
Құрметті оқырмандар! Сіздерді, Ш.Ш Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ыстық ықыласпен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды. Бұл мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен қуаттылығының белгісі болып саналады. Еліміздің еңсесі өркендей берсін. Шаңырағымыз шайқалмай, тұғырымыз биік болсын. Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!
-
Методологиялық семинар: «Қазақ тарихын зерттеуде проблемалық тарихнаманы және компаративтік деректануды қолдану әдісі»
2022 жылғы 13 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсититуты «Қазақ тарихын зерттеуде проблемалық тарихнаманы және компаративтік деректануды қолдану әдісі» атты республикалық методологиялық семинар өткізді. Семинарға қатысуға этнология, тарих, әлеуметтік және мәдени антропология және басқа да қоғамдық және гуманитарлық пәндер саласындағы ғылыми қызметкерлер – мамандар, магистранттар мен докторанттар шақырылып, ғалымдарымыз офлайн және онлайн форматта […]
-
ИНСТИТУТ ФИЛИАЛЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
2022 жылдың 8 желтоқсанында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 85 жылдығын мерекелеу барысында Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалының салтанатты ашылуы өтті. Филиалдың ашылу салтанатында Астана қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалының директоры, PhD докторы Махаббат Мәлікқызы Қозыбаева сөз сөйледі. Сонымен қатар, Астаналық филиалдың диреткоры, Петропавл қаласындағы […]
-
«Егемен Қазақстан» республикалық газетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
2022 жылғы 12 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – әріптестік қатынастарды орнату, өзара тиімді шарттарда тараптар арасында ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ақпараттық, білім беру және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру кезінде өзара қолдау көрсету. Меморандум мақсаттарына […]
-
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Академик М.Қозыбаев» медалімен марапатталды. Ғылыми жетістіктеріңіз бен шығармашылық табыстарыңыз еселене берсін!
-
ҒАЛЫМНЫҢ 80-ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ АТАП ӨТІЛДІ
2022 жылғы 9 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ғылым Ордасының» Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып белгілі, тарихшы ғалым, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Қайдар Сейсембайұлы Алдажұмановтың туғанына 80 жыл толуына орай «ХХ ғасырдағы Отан тарихы: өзекті мәселелері және жаңа ұстанымдар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция жұмысына ҚР […]
-
Білікті маман – сұранысқа ие тұлға!
Білікті де білімді тұлға болып қалыптасу уақыт пен жұмыс тәжірибесінде шыңдалатыны белгілі. Сонымен қатар білікті тұлғаның қалыптасуында қосымша ізденіс пен білімді толықтырудың да маңызы зор. Біліктілікті шыңдауды әрбір маман өздігімен оқып, ізденіп, шеберлігін шыңдаса, кейбір мекемелер өз қызметкерлерін өздері оқытып, заман талабы мен қызметінің сұранысына сәйкес жетілдіріп отырады. Осы мақсатта Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және […]