Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

История Атырауской области с древнейших времен до наших дней


Руководитель проекта: Жумагулов Б.

ИРН: AP09259623

Тәуелсіз Қазақстан өңірлерінің тарихын зерттеуге және Атырау облысының құрылғанына 85 жыл толуын мерекелеуге арналған “Туған жер” бағдарламасы аясында барлық хронологиялық тізбекті қамтитын барлық бағыттар бойынша Атырау облысының бүкіл тарихын қамтитын бірыңғай еңбек құру қажеттілігі туындайды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұрағаттарынан Атырау облысы тарихынан зерттелмеген фрагменттерді терең, жан-жақты зерттеу және Атырау облысы бойынша тар бағыттағы тарихқа арналған жекелеген еңбектерді талдау, сондай-ақ Атырау облысының киелі жерлеріне экспедициялар өткізу қазіргі уақытта теңдесі жоқ Атырау облысының толық, ауқымды тарихын қамтитын жаңа бірегей монография жасауға мүмкіндік береді.

Тарихи-мәдени және табиғи мұраны сақтау және кеңінен пайдалану үшін мүмкіндіктер беретін тарихи сананы қалыптастыру құралы ретінде Атырау облысының тарихы туралы тұтас түсінікті терең, жан-жақты зерделеу және қалыптастыру болып табылады. Оның нәтижесі үш томдық тарихи монография шығару болмақ.

Арнайы және жалпы ғылыми зерттеу әдістерінің жиынтығы жобаның теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Әдіснама объективтілік және тарихилық жалпы принциптерге негізделген және жобада тарихнамалық зерттеулерге тән хронологиялық, тарихи-генетикалық (ретроспективті), проблемалық, жүйелілік, талдау, дедуктивті және индуктивті, логикалық талдау, синтез әдістері, т.б. қолданылады.

Қазақстан тарих ғылымында әлі толық зерттелмеген Атырау облысының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихына кешенді зерттеулер жүргізе отырып, нәтижесінде облыс бойынша үш томдық ғылыми зерттеу еңбек дайындау. Атырау облысының толық ақпаратты тарихы әлі де жазылған жоқ, ал ондай еңбек жазылса, ол осы өңірдің тарихын қамтып қана қоймай, сонымен қатар экономика мен туризмнің дамуына да ықпал етер еді. Бұл тұрғыда жоба бойынша зерттеу нәтижелері бар ұқсастыққа ие емес. Бұл еңбектерді бірнеше негізгі топқа бөлуге болады: 1) Алтын Орда мен Сарайшық қаласының тарихы бойынша еңбектер; 2) Сырым Датұлы мен Исатай-Махамбет көтерілісі туралы еңбектер]; 3) Мұнай өнеркәсібі тарихы бойынша еңбектер.

Көптеген еңбектер хронологиялық шеңбермен немесе нақты оқиғамен шектелді. Басқаша айтқанда, бұл еңбектер тек мұнайды игеру тарихы немесе балық аулаудың тарихы сияқты тар бағыттағы тарихқа арналды. Демек, Атырау облысының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы толыққанды әрі концептуальды қамтылған жұмыстар әлі де жоқ екенін байқауға болады. Әрине, ежелгі заманнан басталатын облыс тарихы туралы жазылған еңбектер бар, бірақ олар орта мектептің оқулықтары және ондағы тарихи ақпарат өте аз. Қысқаша тарихнамалық шолудан көрініп тұрғандай, Атырау облысының толық ақпаратты тарихы әлі де жазылған жоқ, ал ондай еңбек жазылса, ол осы өңірдің тарихын қамтып қана қоймай, сонымен қатар экономика мен туризмнің дамуына да ықпал етер еді. Бұл тұрғыда жоба бойынша зерттеу нәтижелері бар ұқсастыққа ие емес.

Атырау облысының тарихын жан-жақты зерделеу қазақ тарих ғылымының әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануына ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар Атырау облысын тарихы Қазақстанның маңызды аймақтарының бірі ретінде көрсетер еді. Нәтижелер, сонымен қатар, қазақстандық тарих ғылымының екі саласы – Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарихтың тоғысқан аймақтық тарих ғылымында жаңа бағыттың қалыптасуына айтарлықтай әсер етуі керек. Бұл өз кезегінде аймақтағы негізгі мәселелерін шешуде және зерттеуде пәнаралық әдістерді дамытуға негіз бола алады. Атырау аумағы Хазар қағанатының, Ноғай ордасының және Алтын Орданың, Қазақ хандығының құрамында болды, Ресей империясына қарады және Қазақ КСР ретінде КСРО құрамында Қазақстан тарихында ғана емес, сонымен қатар Каспий маңы мемлекеттерінің тарихында да үлкен тарихи-экономикалық және мәдени рөл атқарды. Сонымен қатар тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы шет мемлекеттермен Атырау мұнайын жеткізу туралы шарт жасасты. Бұл тұрғыда осы жобаның нәтижелері ұқсас жобалар арасында ерекше мәртебеге ие болды, өйткені онда Атырау облысының жергілікті тарихы ғана емес, бүкіл отандық өнеркәсіптік кәсіпкерліктің даму тарихы да көрініс табады. Бұл тұрғыда Атырау облысының тарихын зерттеу және оның алғашқы және көлемді тарихи монографиясын шығару халықаралық ауқымда да белгілі бір мәнге ие.

Облыс тарихын зерттеу кезеңінде жалпы Солтүстік Каспий өңірінің (Атырау) археологиялық зерттеулері әліде болса кенже қалғанына куә болдық.

«Атырау облысының тарихы: көне заманнан бүгінге дейін» еңбегінің «Тас дәуірінен XVIII ғасырдың басына дейінгі Солтүстік Каспий аймағы» және қажетті әдебиеттер қарастырылып, мәселенің зерттелу деңгейі анықталды. Жалпы 200 жуық түрлі әдебиеттер қарастырылып зерттелген.

ХVIII ғасырда Еуропада шығыстану ғылымының негізі қаланып, онда түркітану зерттеулері басты орынға шықты. 1795 жылы Парижде Шығыс тілдерінің ұлттық мектебі, 1821 жылы Географиялық қоғам, келесі жылы оның Азиялық қоғамы құрылды. Париж (Сорбона), т.б. университеттерде шығыс елдері мен шығыс тілдері кеңінен зерттеле бастады. А.К. д’Оссон, Э. Картмер, Ж.-П. Абель-Ремюз, Ж. Дегин, Г.Ю. Клапрот еңбектерінде араб, парсы, қытай, түркі, т.б. тілдердегі деректердің кеңінен қолданылып, бұл мәселенің деректік қоры нығайды. Қазақ халқының шығу тегі, оның даму заңдылықтары мен ерекшеліктері, ру-тайпалық орналасуы мәселелерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуі Ресейде ХVІІІ ғасырда басталды. Жалпы, XVIII ғасырдың ортасында, Қазақ даласының табиғи байлығына көз тіккен Ресейдің сыртқы саясаты қазақтардың рулық құрамын, тұрмысын, салт-дәстүрін зерттеуге бағытталды. Қазақ жері, олардың ру-тайпалық жағынан қоныстануы, яғни көші-қоны, алдымен, патшалық Ресейдің ХVІІІ ғасырдағы И.Д. Бухгольц, А. Бекович-Черкасский, И.М. Лихарев, т.б. басқарған әскери-барлау экспедицияларының назарына ілікті. ХІХ–ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ру-тайпалық қауымдастық тарихына П.И. Рычков, В.В. Вельяминов-Зернов, А.И. Левшин, А.И. Аристов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Г.Е. Грумм-Гржимайло, В.В. Бартольд, Н.П. Толль, М. Тынышпаев, т.б. тереңірек үңіле бастады, нәтижеде кейінгі ұрпаққа зерделі де толыққанды еңбектер қалды.

Ортағасырлық Сарайшық  қаласы тарихына қатысты ортағасырлық еңбектер зерделенді (Өтеміс қажы, Әбілғазы, М.Дулати, Қ. Жалайыри, А. Қырыми еңбектері).

3-томның Алтыншы тарау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Гурьев облысы бойынша және 2-томның оныншы тарауы ХХ ғасыр басындағы Атырау аймағының мәдениеті бойынша материалдар табылды.

ЖТН AP09259623 «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» атты іргелі зерттеу ғылыми жобасының Күнтізбелік жоспарына және «Сұралған қаржыландыру есебінің» сметасына сәйкес 2021 жылдың 03 маусымынан 16 маусымына дейін 14 күнге Атырау қаласындағы архивтерде жұмыс істеу және «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» атты аймақтық дөңгелек үстелді ұйымдастыру мен өткізу үшін аталған жобаның орындаушылары Б.Жұмағұлов пен Г.Халидуллин ғылыми іссапарда болып қайтты.

Ғылыми іссапар барысында Атырау облыстық архивінде және Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханада ғылыми жобаға қатысты материалдар мен құжаттармен танысып, қажетті материалдар жинақталды. Архивте №109 қор, 934 қор, 1806 қор, 11 қор, 3 қор, 2 қор, 753 қор   құжаттарын қарап, керекті мағлұматтарды алдық.

Кітапханада тақырып бойынша кітаптардың тізбесін жасақтадық.

Атырау облысының ғылыми-салалық мұрағаты туралы Ережемен танысқаннан кейін құжаттар цифрландырылды.

«Атырау облысының тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» атты гранттық қаржыландыру жобасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 12-19 қазаны аралығында Б.Жұмағұлов пен Е.Ермұқанов Орал қаласына барған ғылыми іссапары іске асты.

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінде Гурьев уезіне қарасты материалдар, атап айтқанда 1920-1930 жылдар аралығындағы деректер негізінен осы мұрағатта сақталған.Сондықтан осы кезеңдегі өңір тарихына байланысты мәліметтермен таныса келе 623-қор, 9-қор, 693-қор, 1-қор, 28-қор, 37-қор, 19-қор, 263-қор, 24-қор, 46-қор, 578-қор, 850-қор, 9-қор, 651-қор құжаттар зеделеу мақсатында цифрландырылды.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және Ж.Молдағалиев атындағы әмбебам ғылыми кітапханаларында тақырыпқа қатысты ізденіс жұмыстары жүргізіліп, кейбір мәселелерге байланысты сирек кітаптар мен жинақ түріндегі басылымдар іріктеліп алынды.Атап айтқанда жоғарыда аталған кітапхана қорларынан төмендегі материалдардың көшірмелері түсірілсе, ал енді біреулері өз қаражатымызға сатып алынды.

Атырау облысына іс-сапар (22.9.2021 – 1.10.2021) ұйымдастырылып, «Атырау облысының тарихы: көне заманнан бүгінге дейін» еңбегінің үшінші томына (ХХ – XХI ғасырдың басындағы Атырау облысы)» қажетті архив материалдары жинақталды.

1) «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы Мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жылыой аудандық филиалы»  архив қорларынан:

1 «Протокол сессии Жилокосинского районного совета депутатов трудящихся» (начато: 3 апреля 1956 г. – окончено: 11 яеваря 1967 г., на 217 листах. – 22-қор, 1ж-тізімдеме, 6-іс.

2 «Решение исполкома Эмбинского районного совета депутатов трудящихся (начато: 25 ноября 1967 г. – окончено: 13 января 1972 г., на 65 листах). – 22-қор,1ж-тізімдеме, 15-іс.

3 «Решение исполкома Эмбинского райсовета  депутатов трудящихся» (начато: 28 января 1970 г. – окончено: 23 декабря 1971 г., на 54 листах). – 23-қор, 1-тізімдеме, 146- іс.

4 «Решение и распоряжение исполкома Эмбинского районного совета трудящихся (начато: 4 января 1973 г. – окончено: 12 декабря 1974 г., на 42 листах). – 23-қор, 1-тізімдеме, 101-іс.

5 «1992 жылы шілде айында Ембі ауданы әкімі қабылдаған шешімдер». – 1-қор, 1-тізімдеме, 8-іс., т.б.

Атырау облысы мемлекеттік архив қорынан келесі құжаттар табылды.:

1 Докладные записки по обследованию промыслов Урало-Каспийского и лагеря «Прорва». Весенней посевкомпании в районах округа. Переписка с партийными и советскими организациями по партийным и хозяйственным вопросам. Динамика окружной партийной организаций (начато: 4 января 1930 г. – окончено: 2 ноября 1930 г.). – Атырау облыстық мемлекеттік архиві (АОМА). 2-қор, 1-тізімдеме. –153-іс (на 205 листах).

2 Конфискацияланған Құсайын Танашевтің жеке қоры. – АОМА. 3-қор, 3-тізімдеме, 7-іс.

3 Документы (докладные записки, информации, справки) по работе партийного архива Гурьевского обкома КП(б) Казахстана за 1949 г. – АОМА. 1п-қор, 1-тізімдеме. – 2249-іс (на 39 листах).

4 Далбаев Мунал (начато: декабрь 1953 г. – окончено: август 1957 г.). – АОМА. 1-қор, 2л-тізімдеме. – 7501-іс.

5 Ундасынов Нуртас Дандыбаевич (начато: апрель 1955 г. – окончено: апрель 1962 г., на 10 листах). – АОМА. 1-қор, 2л-тізімдеме, 7703-іс.

6 Утебаев Сафи Утебаевич (начато: сентябрь 1965 г. – июнь 1975 г.). – АОМА. 1-қор, 2л-тізімдеме, 7947-іс.

7 Личное дело по учету кадров Таскинбаева Есене Таскинбаевича (начато: январь 1964 г. – окончено: январь 1988 г.). – АОМА. 1-қор, 2л-тізімдеме, 8592-іс.

8 Личное дело по учету кадров Избасова Максима Шафиховича (начато: июль 1984 г. – окончено: июль 1991 г., на 25 листах). –  АОМА. 1-қор, 2л-тізімдеме, 9101-іс., т.б.

Сонымен қатар Сарайшық музей қорығындағы архиві құжаттары сараланып,  Атырау облысы Махамбет ауданы Атырау облысы мемлекеттік архиві Махамбет аудандық филиалында жұмыс жасалып 564 қор, 146 қор, 69 қор қарастырылды.

Зерттеу жұмыстары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының № 139-қор, тізім 1, 331-336-662 істері, № 811-қордың Т-18-20 істері, № 141-қордың, тізім 1-5-38-490-5120, 5192-607-5734 істері, № 141-қордың тізім 1, 5132 істері, №141-қордың тізім 1, 38-490-12-1338 істері, № 708-қордың, тізім 214, 80-ісі, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаттың №1541-қорының, тізім 1, 35-467-2376 істері, Р-1823 қоры, Р-1823 қоры және Р–1990 қоры зерделеніп, талданды.

04 маусым 2021 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлескен «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» атты аймақтық дөңгелек үстелді ұйымдастырып және өткіздік.

Аймақтық дөңгелек үстел материалдары Атырау газетінде жарияланды және облыстық телеарнада хабар ұйымдастырылып, оған Б.Жұмағұлов сұхбат берді.

Дөңгелек үстел жиынында Халидуллин Г. Атырау университеті мұғалім-мамандарының 3-томдық облыс тарихын жазып шығу үшін атсалысып қатысуына шақырды, сонымен қатар бұл міндетті орындауда ұжымның толықтай мүмкіндігінің барлығын ескерте келіп тарихы ежелгі заманнан бүгінге дейінгі созылып жатқан өлкенің әлі де болса кейбір мәселерінің әсересе археология және т.б. проблемаларды бірлесе зерттеп өлке тарихының 3-томдық еңбегін орындауға шақырды.

Атырау облысының тарихы ғылыми ортада ғана емес, қалың Бұқарада да кеңінен насихатталды: БАҚ Саркенова К.1921 – 1922 ЖЫЛДАРДАҒЫ НӘУБЕТКЕ – 100 ЖЫЛ! // Қазақстан дәуірі газеті. – 2021. – №4 (қаңтар)

  • Салқынбек Д. Қанай Боранбаевқа 125 жыл. Қазақ газеті. 2021ж. 31 тамыз
  • Салқынбек Д. Қазақ үкіметін басқарған Ораз Исаев. -Қазақ газеті. 2021ж. 11 мамыр.
  • Салқынбек Д. Қазақ үкіметін басқарған О.Исаев. -Қазақ газеті. 2021 ж. 18 мамыр.
  • Салқынбек Д. Ұрпақ үшін төгілген тер. Қазақ газеті. -2021ж. 21 қыркүйек
  • Жұмағұлов Б. С. Жанкешті күрескер // ATYRAY. -2021. -№47
  • Жұмағұлов Б. С. Атырау облысының тарихы: көне заманнан бүгінгі күнге дейін // ATYRAY. -2021. -№45
  • Жұмағұлов Б. С. Тарихты шынайы, кәсіби тұрғыда жазу керек // ҚҰЛСАРЫ. -2021. -№25(892)
  • Жұмағұлов Б. С. Тарихты шынайы, кәсіби тұрғыда жазу керек // ҚЫЗЫЛҚОҒА. -2021. -№21(7225)
  • Әбілсейіт М. Алтын Орда Ұлық Ұлыс орталығы // ATYRAY. -2021. -№84 (20585). – 22 қазан. -1, 4 б.
  • Әбілсейіт М. Ортағасырлық Сарайшық  – Ұлық ұлыстың бір бөлшегі // EGEMEN QAZAQSTAN. -2021. -№203(30182).  -26 қазан. – 9 б. https://egemen.kz/article/294139-ortaghasyrlyq-sarayshyq-%E2%80%93-ulyq-ulystynh-bir-bolshegi
  • Әбілсейіт М. Сарайшық туристік мекенге айналады. // Naryn Tany. -2021.-№ –. Қараша
  • Әбілсейіт М. Алтын Орда тарихы – қазақтың тарихы. // Naryn Tany. -2021.-№ –. Қазан
  • Халидуллин Г. «Сарайшық мәдениет һәм керуен жолы» // ATYRAU. -2021. -№87 (20583). 2 қараша.

Конференция жинағы.

  • Б.Жұмағұлов. Атырау облысының тарихы: жаңаша пайым мен тұжырым. «Атырау облысы тарихның өзекті мәселелері» атты аймақтық дөңгелек үстел. Атырау: Атырау университеті,2021 жыл 4 маусым.
  • М. Әбілсейіт. Атырау тарихы, оның мәселелері. «Атырау облысы тарихның өзекті мәселелері» атты аймақтық дөңгелек үстел. Атырау: Атырау университеті, 2021 жыл 4 маусым.
  • Г.Халидуллин. Ел тарихы және оны зерттеген атыраулық ғалымдары. «Атырау облысы тарихның өзекті мәселелері» атты аймақтық дөңгелек үстел. Атырау: Атырау университеті,2021 жыл 4 маусым.
  • А.Аққали. Өңірдегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихынан. «Атырау облысы тарихның өзекті мәселелері» атты аймақтық дөңгелек үстел. Атырау: Атырау университеті,2021 жыл 4 маусым.
  • М. Әбілсейіт. «Ортағасырлық Сарайшықтың Ұлық Ұлыс тарихындағы маңызы» мақаласы 2021 жылы 28 қазанда Атырау қаласында өткен «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» Халықаралық ғылыми практикалық конференция.
  • Д. Салқынбек. «Зұламат аштықтан ауа көшкен боздақтар» Қазақстандағы аштық:жаңа деректер мен пайымдаулар атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы.Алматы: АЭжБУ,2021 жыл 26 мамыр.
  • К. Саркенова. «1921–1922 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ» // «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция (2021 жыл 28 қыркүйек) материалдары

Қазіргі уақытта монографияның құрылымы жасалып, зерттеушілердің әрқайсысына абзацтар берілді. 3 томдық монографияның құрылымы жүйеде тіркелген

«Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» жобасының 2 томының 10 тарауының «Халық ағарту және денсаулық сақтау ісі» параграфы Ш.Нагимовтың авторлығымен дайындалды. XVIII ғасырдағы аймақ халқының күнделікті өмірі атты тарау бойынша ғылыми-монографиялық еңбек дайындалу үстінде. Алтыншы тарау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Гурьев облысы атты тарау дайындалу үстінде.