Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Кеңестік Қазақстан тарихының тәуелсіздік кезеңдегі жаңаша жазылу міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстелдің ақпараттық хаты


2022 жылғы 26 қаңтарда сағат 11:00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Кеңестік Қазақстан тарихының тәуелсіздік кезеңдегі жаңаша жазылу міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 7 томдық «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық басылымын әзірлеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының «Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы (1917-1991жж.)» 6-томын дайындау шеңберінде аталған дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Дөңгелек үстел мақсаты – Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын жазудағы жаңа теориялық-методологиялық ұстанымдарды анықтау, зерттеудің жаңа әдістемелерін қолдану ерекшеліктерін көрсету. талқыланатын мәселеге қатысты идеялар мен пікірлерді қорытындылау.

Дөңгелек үстел жұмысының негізгі тақырыптары:

Кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеу ерекшеліктері.

Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін мәселелерін зерттеудің бүгінгі міндеттері.

«Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы (1917-1991жж.)» 6-томды дайындау барысындағы зерттеу тобының міндеттері.

Дөңгелек үстел жұмысының тілі: қазақ, орыс.

Дөңгелек үстелді өткізу күні: 2022 жылғы 26 қаңтар, сағат 11: 00.

Дөңгелек үстелге қатысуға шақырылады: тарихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының, профессор-оқытушылар құрамының, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, докторанттар, жас ғалымдар, БАҚ өкілдері.

Адрес: 050100 Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.

Жұмыс форматы: ZOOM базасындағы конференция (идентификатор: 88283577510, пароль: 101435) және офлайн.

Дөңгелек үстелге қатысып, пікір білдіруге шақырамыз.

Анықтаманы және қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (705) 775-23-93  – Бекенова Алмагүл Арапханқызы.

 

 Құрметпен, ұйымдастыру комитеті