Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«XVIII-XIX ғғ. қазақ хандарының, сұлтандарының және батырларының өмірі мен қызметі жаңа деректерде: зерттеу проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ақпараттық хаты


2022 жыл 28 қазанда ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ЖТН AP08052271 «Қазақ хандарының, сұлтандарының және батырларының өмірі мен қызметінің беймәлім қырлары туралы құпиясыздандырылған Ресей мұрағаттары (18 – 19 ғасырдың бірінші жартысы)» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «XVIII-XIX ғғ. қазақ хандарының, сұлтандарының және батырларының өмірі мен қызметі жаңа деректерде: зерттеу проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты – соңғы жылдары ресейлік архив қорларынан алынған жаңа тарихи құжаттар, соның ішінде қазақ даласының бірқатар көрнекті саяси және мемлекет қайраткерлерінің Ресей билігімен ресми хат алмасу бойынша жазылған құжаттарды ғылыми өңдеу негізінде XVIII-XIX ғғ. Қазақстан тарихының белгісіз аспектілерін зерттеуді өзектендіру.  Тарих, тарихнама, деректану, сонымен бірге жаңа замандағы Қазақстан тарихының проблемалары бойынша жаңа зерттеу нәтижелерімен бөлісу.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • XVIII-XIX ғғ. билеуші элитаның өмірі мен қызметін зерттеудегі теориялық-методологиялық проблемалар;
  • XVIII-XIX ғғ. тұлғалар тарихы бойынша жаңа деректер;
  • жаңа замандағы Қазақстан тарихының проблемалары.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференция материалдарының электронды жинағын шығару жоспарланған.

Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына келесі материалдарды жіберулеріңізді сұраймыз:

1. Үлгі бойынша өтініш.

2. Баяндама мәтіні.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: көлемі 5-тен 10 бетке дейін, MS WORD редакторы *.doc, *.RTF, шрифт Times New Roman”, кегль 14, шекаралары: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол – 3, оң – 1,5 см, жоларалық интервал – бір(бір аралық). Интервал арқылы ортасында жартылай қалың қаріппен кіші әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және ұйымның атауы, жақшада – қала, ел. Мақалада сілтемелер беттері көрсетілген төртбұрышты жақшалармен рәсімделеді (мысалы, [1, 17-бет.]). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлемнің соңында сілтемеден кейін нүкте қойылады. Кестелер MS WORD редакторында теріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі (нөмірлеу нүктесіз). Файлдың атауы бірінші автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Конференция мақалаларының жинағын шығару жоспарлануда.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2022 жылдың 1 қазанына дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефондары: 050010 Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, тел.: 8 (727) 261-67-19, 8 (771) 463-08-63 (Тарихнама, деректану және қазіргі заманғы әдіснама бөлімі);е-mail: nurgulca@mail.ru; kazhistory@bk.ru

Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 28, Ғылым Ордасы. Басталуы: сағат 10.00.

Өтініш үлгісі

Аты-жөні(толық) __________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ____________________________________

Қызмет орны, лауазымы: ____________________________________________

Автордың мекен-жайы:______________________________________________

Байланыс телефоны, факс, е-mail: _____________________________________

Конференция бағыты ____________________________________________

Мақаланың тақырыбы, қысқашааннотациясы: __________________________

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті