Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ»


Қымбатты әріптестер!

11 мамыр 2022 жылы сағ.: 12:00-де ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

2022 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

Жарлыққа сәйкес «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылады.

Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелді.

Дөңгелек үстелде Институт ғалымдары Қазақстан Республикасындағы конституциялық құрылыстың өзекті мәселелерін, сондай-ақ мемлекетіміздің жаңару және реформалар жолындағы демократиялық құндылықтарды насихаттаудағы ғалымдардың рөлін талқылайтын болады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

Өткізілетін жері: Алматы қ,, Шевченко көшесі, 28, 3 қабат, «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапхананың мәжіліс залы.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/87582974727?pwd=MDRWRzRVZFhKTHF5UElIdThVRjN5dz09. Конференция идентификаторы: 875 8297 4727. Кіру коды: 741393