Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Директор блогы


Құрметті біздің Институтымыздың қонағы!

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына қош келдіңіздер!

Біздің Институт 75 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Ғылыми жұмысының нәтижесінде кәсіби тарихшылар қазақ халқының тарихи шежіресін қалыптастырды, онда мемлекеттіліктің 2500-ден астам тарихы баяндалған.

Баршамызға мәлім, қазіргі таңда тарихи сананы, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, мемлекеттілікті және ұлттық бірегейлікті нығайтуға айрықша мән беріліп отыр. Елдің жоғары басшылығының бағдарламалық құжаттарында, соның ішінде ҚР Президенті Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында («Егемен Қазақстан» газеті, 5 қаңтар, 2021 ж.) осы мәселе бірнеше рет көтерілгені белгілі.

Институт ұжымы тарих ғылымы, этнология (этнография) және антропология, тарихнама және деректану саласындағы іргелі зерттеулер жүргізу, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыру, ғылыми және ғылыми-танымдық басылымдарды жарыққа шығару, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу, жас ғалымдар кадрын даярлау бағытында қарқынды жұмыстар атқаруда. 

Осы веб-сайт Сіздерге Институттың ағымдағы қызметі және оның ұжымы туралы жан-жақты ақпарат алуға көмектеседі деп ойлаймын.

Қабылдинов Зиябек,

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология

институтыныңдиректоры,

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,

т.ғ.д., профессор