Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ОТАН ТАРИХЫ» Ғылыми журналы


Журнал туралы

ISSN: 1814-6961 (Print) ISSN: 2788-9718 (Online)
Жазылу индексі: 75642
Баспагер: ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
Бас редактор
Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы
Жауапты редактор
Мұқанова Гүлнар Қайроллақызы

«Отан тарихы» – «Отечественная история» – «History of the Homeland» ғылыми журналы 1998 жылдан шығарылады (ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде 09.03.98 ж. тіркелген. Тіркеу куәлігі: № 158-ж 09.03.98 ж.). «Отан тарихы» журналының құрылтайшысы және баспагері: Қазақстан Республикасы  Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.
Журналды шығару мерзімділігі – жылына төрт рет (тоқсанда бір рет).
Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.

«Отан тарихы» журналы – Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған, олардың бірегей әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін сипаттайтын тарих ғылымы аясында жүргізілген жүйелі зерттеулерді жариялайтын ғылыми журнал.

«Отан тарихы» журналында қазақстандық және орта азиялық зерттеулер тақырыптары бойынша мақалалар жарыққа шығады, соның ішінде: тарих, археология, этнология, антропология, деректану және журнал бағыты негізінде алдыңғы қатарлы ғалымдардың ғылыми еңбектері. Сонымен қатар журнал археографиялық, археологиялық және этнографиялық экспедициялардың мәліметтерін жарыққа шығарып, архивтік құжаттарды ғылыми айналымға енгізеді.

Редакцияның мекен-жайы:
050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко, 28.
ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
ШЖҚ РМК
тел.: +7 (727) 261-67-19, +7 (727) 272-47-59
E-mail: otanhistory@gmail.com
Журналдың сайты: https://otan.history.iie.kz