Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: Жаңалықтар


  • Латын әліпбиі

    Латын әліпбиі

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы шешімі өте құптарлық. […]

  • ЕЛІМІЗ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

    ЕЛІМІЗ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

    2017 ж. 29 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Халықтар келісімі» ҚҚ-ның«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ұйымдастырған «Алаш қозғалысы және «Алаш Орда» үкіметі: бастаулары, қызметінің негізгі кезеңдері және олардың отандық тарихтағы орны» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми конференция жұмысына Алаш қозғалысы және саяси қуғын-сүргін […]

  • ИНСТИТУТ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ

    ИНСТИТУТ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ

    2017 ж. 26 қыркүйекте «Ғылым ордасының» Кіші залында Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай және латын әліпбиіне көшу жөніндегі президенттік идеяны қолдау мақсатында «Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілуі: ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Институт аталмыш шараны «Ғылым ордасы» МҚК және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих, археология және этнология […]

  • СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНҒА АРНАЛҒАН ТҰҢҒЫШ ЕСКЕРТКІШТІҢ АШЫЛУЫ

    СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНҒА АРНАЛҒАН ТҰҢҒЫШ ЕСКЕРТКІШТІҢ АШЫЛУЫ

    2017 жылғы 22 қыркүйекте Семей қаласында Қазақстан халқы үшін ұмытылмас және есте қаларлық оқиға өтті: Шығыс Қазақстан облысының және Семей қаласының басшылары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, отандық және шетелдік ғалымдардың, еліміздің мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерінің қатысуымен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханның Қазақстандағы балғашқы ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар «Алаш және рухани жаңғыру: идеялар жалғастығы» тақырыбында […]

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды

    Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды

    2017 жылғы 19 қыркүйекте Институт ҚР Президентінің Архивімен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта Институт қызметкерлері, сондай-ақ магистранттар мен PhD докторанттар архив құжаттарына жеңілдікпен қол жеткізе алады, ал бұл өз кезегінде ғылыми зерттеулердің жылдам және сапалы орындалуына ықпал етеді. Екі жақ бірлескен ғылыми жобаларды дайындау мен жүзеге асыру, дөңгелек үстелдер мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар […]

  • КЕЙКІ БАТЫР (НҰРМАҒАНБЕТ) КӨКЕМБАЙҰЛЫНА РУХЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРМЕТ

    КЕЙКІ БАТЫР (НҰРМАҒАНБЕТ) КӨКЕМБАЙҰЛЫНА РУХЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРМЕТ

    2017 жылғы 15 қыркүйекте Қостанай облысының Арқалық қаласынан аса қашық емес жерде қазақтың танымал батыры Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі өтті. Батыр құрметіне арналған сәулетті кесене көтеріліп, ас беріліп, баба рухына құран бағышталды. Ат жарыс, қазақша күрес, ақындар айтысы ұйымдастырылып, театрландырылған қойылым көрсетілді. Бұл күннің маңызды шараларының бірі «Кейкі (Нұрмағанбет Көкембайұлы) батыр. Өмірі мен қаза […]

  • Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі туралы

    Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі туралы

    2017 жылы 04 қыркүйекте Мемлекет тарихы институтында «Латын әліпбиіне көшу тәжірибесі: кейбір мәселелері мен келешегі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Б.Ғ. Аяған, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Е.З. Қажыбек, Қазақстандағы Әзірбайжан мәдени орталықтары одағының президенті, т.ғ.д., профессор В.Қ. Салахов және т.б. қатысты. Біздің […]

  • ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ АТА ЗАҢ

    ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ АТА ЗАҢ

    Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлы, т.ғ.д., профессор Қазақстан территориясында кемінде кейінгі екі мыңжылдықтан астам уақыт бойы жергілікті прототүрк, түрік және қыпшақ-қазақ негіздеріндегі мемлекеттілік болды. Әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген тәуелсіз мемлекеттік құрылымдар әркелкі аталды: сақтардың ежелгі мемлекеттік құрылымдарынан бастап қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасына дейін. Жергілікті компонент өзіне тән тілі, антропологиялық ерекшелігімен, ерекше зияткерлік әлеуетімен, бірегей толеранттылығымен, діни […]

  • Ақпарат

    Ақпарат

    25 тамыз 2017 жылы Астана қаласында Еуразиялық интеграция институты өткізген «Жаңғыру 3,0: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның Пленарлық мәжілісінде институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов «Қоғамдық сананың жаңғыруындағы Қазақстанның тарих ғылымының рөлі мен орны» атты баяндама жасады. Аталған ғылыми форумға Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі Е.Ж. Бабақұмаров, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының […]

  • «Тұғыры биік – Ата Заң»

    «Тұғыры биік – Ата Заң»

    24.08.2017. Институтта Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Тұғыры биік – Ата Заң» атты дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы А.Т. Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы филиалының төрағасы Д.В. Васильев, «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы филиалы Кеңесінің мүшесі, т.ғ.к. А.Қ. Жұмәділ, сондай-ақ мекеме қызметкерлері қатысты. Дөңгелек […]