Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

РЕСЕЙ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ


2019 жылғы 22 тамызда Ш. Ш. Уәлиханов Тарих және этнология институты мен Омбы мемлекеттік техникалық университетінің арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Осы келісімшарт гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар және білім саласындағы ынтымақтастықты, яғни бірлескен ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруды, ортақ ғылыми жобаларды әзірлеуді, академиялық ұтқырлықты көздейді.

Біздің Институт пен Омбы мемлекеттік техникалық университетінің арасындағы ынтымақтастықтың болашағы бар бағыттарының бірі Қазақстан Республикасы аумағы және қазақстан-ресей шекарасы маңы бойынша тарих пен этнографияға қатысты тақырыптарға байланысты туристік маршруттар жобаларын әзірлеу болып табылады.

Осы тақырыптар біздің Институттағы еліміздің әртүрлі өңірлерінде орналасқан ортағасырлар мен Жаңа заманға жататын ескерткіштерді зерттеу ғылыми бағытымен тікелей байланысты. Осындай ынтымақтастыққа негізгі жағдайлар бар, атап айтқанда, Института тарих және этнология бойынша біліктілігі жоғар мамандардың және Омбы мемлекеттік техникалық университетінде Батыс Сібір аумағы бойынша этнографиялық марщруттарды әзірлеу аясында көптеген жыл зерттеу жүргізіп жатқан Туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі кафедрасының (кафедраның меңгерушісі – доцент, п.ғ.к.) бар болуы.