Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Түркістан облысына іссапар


2019 жылдың 9-23 қыркүйек аралығында жетекші ғылыми қызметкер С.Қ. Шілдебай мен докторант Ф.Р. Лебаев Түркістан облысында «Ұлы даланың Ұлы есімдері» жобасы бойынша Түркістан облысы мен Шымкент қаласында іссапарда болып қайтты. 13 қыркүйекте қасиетті Түркістан қаласында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен аталған университет бірлесе отырып «Қазақ хандығының көрнекті тұлғалары» атты тақырыпта үлкен дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шара «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын өзекті қылу, таңдаудың ғылыми-негізді талаптарын қалыптастыру және ақпараттық қолдау жөніндегі талдамалық зерттеу» жобасы аясында өткізілді. Дөңгелек үстелге кәсіби тарихшылар, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамы, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар мен студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.

Іссапар барысында Түркістан облыстық мемлекеттік архиві, Шымкент қалалық мемлекеттік архиві, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі және Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейімен ынтымақтастық жөнінде келісім-шарт жасалды. 900-ден астам архив құжаттары  және Институт кітапханасына 10 құнды кітап, 1 электронды кітап және 1 жинақ әкелінді.