Батыс-Қазақстан облысына іс-сапар

2019 жылдың 19–24 қыркүйегі аралығында «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» атты бағдарлы-мақсатты қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылатын «Қазақтардың субэтникалық және этнографиялық топтары» ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша деректер жинау мақсатында  Орал қаласына Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі Г.У. Орынбаева іс сапарда болды. Іс сапар барысында 19 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі арасында ынтымақтастық келісім шарты жасалды. Музей басшылығы тарапынан директор М.Б. Ибраев далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге: информатырларды табу және олармен байланыс орнатуға, сондай-ақ, зерттеу тақырыбы бойынша материал жинау үшін Орал қаласы маңындағы аудандарды аралауға жәрдем жасалды.