Қарағанды қаласына ғылыми іссапар

2019 ж. 22-31 қазан аралығында институт қызметкері А.С. Уалтаева Қарағанды қаласына «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын» аналитикалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» мемлекеттік тапсырмасы аясында этностарды қалыптастырудағы мұрағаттық материалдарды анықтау және картаны таныстыру мақсатында іс-сапарда болды.

Іссапар барысында Қарағанды қаласының Орталық ғылыми кітапханасының каталогтарында лактар, финндер, лезгиндер, аварлар, осетиндер, сығандар, мажарлар, қарақалпақтар, марилер, удмурттар, ханттар, қытайлар тарихы мен мәдениеті бойынша монографиялар табылды.

24 қазанда Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінің Жұмабеков Жамбыл Азмұқанұлы деканы мен «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Козина Валерия Викторовнамен кездесу ұйымдастырылды, ғылыми ынтымақтастықты жалғастыру мәселелері талқыланды. 2 курс студенттеріне «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының тұсаукесері өткізілді.

28 қазаннан бастап Қарағанды облыстық орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған материалдар зерттелді.  № 27 қорда 1944-1945 жж. облыстағы корей-қоныс аударушылардың саны туралы материалдар анықталды.

Құжаттардың негізгі көшірмелері Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұрағатында және Нұр-Сұлтан қаласының Орталық Ұлттық мұрағатында орналасқан, сондықтан өлкетану материалдары мен жеке қорлар қаралды. «Қарқаралы дәптерлері» Попов қорының құжаттары қызықты болды, онда Қарағанды мен облыс халқының тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттың үлкен қыры жинақталған.

Мұрағат қызметкерлерінің қызығушылығын тудырған «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы» тұсаукесері өткізілді.

Тұсаукесерден кейін Әзірбайжан ЭКО өкілі Мамиева Махнурамен және авар ЭКО өкілі Мумутов Фарухпен кездесу өтті. Олар аталары мен басқа туыстарынан естілген Қазақстанға қоныс аудару тарихы туралы баяндады, тарихи материалдардың мазмұнымен танысып, Елбасына, интерактивті картаны жасаған барлық қазақтар мен ғалымдарға ризашылықтарын білдірді.

По приглашению НАО Казахстанского института общественного развития «Рухани жаңғыру», Уалтаева А.С. приняла участие в диалоговой площадке «Этносы Казахстана: вклад в историко-культурное наследие народа» проходившей 25 октября в г. Петропавловск. Обсуждались актуальные вопросы консолидации казахстанского общества, усиления межэтнических взаимосвязей, создания электронной базы данных 50 наиболее ярких личностей, представителей этносов, проживающих в республике. Перед участниками диалоговой площадки, представителями ЭКЦ и общественности была презентована «Интерактивная научная историческая карта «Народ Казахстана».

В продолжении диалога встреча состоялась 1 ноября в г. Шымкенте, где также была презентована «Интерактивная научная историческая карта «Народ Казахстана» для профессорско-преподавательского состава Южно-Казахстанского государственного университета им. М.Ауэзова, АНК Туркестанской области и представителем ЭКЦ.