Институтта Фудань университеті (Шанхай) әріптестерімен онлайн-семинар өткізілді

2020 ж.  14 ақпанда Институтта ҚХР жетекші университеттерінің бірі – Фудань университетіндегі (Шанхай) әріптестермен онлайн-семинар өткізілді. Семинар аясында екі мекеме ынтымақтастығының негізгі бағыттары анықталды. Атап айтқанда, Қытай тарапын Фудань университетінің проректоры Ли Джин, Қытай Ғылым Академиясының академигі, доктор Цзюцунь Ван генетика профессоры және Фудань университетінің өмірі туралы ғылымдар мектебінің адам антропологиясы және генетикасы департаментінің директоры, доктор Ли Джин – Фудань университетінің вице-президенті және адам феномендері институтының директоры таныстырды. Институт атынан семинарға: Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов, ғалым хатшы, PhD М.М. Қозыбаева, Тарихи демография бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, А.И. Құдайбергенова, Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Е.М. Үжкенов, Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ғ.А. Шотанова, Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Ү. Орынбаева қатысты. Семинар қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандум негізінде Орталық және Орта Азия тұрғындарына бірлескен антропологиялық зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы қорытындыға келді.