«Нұр – Сұлтан – Еуразия ғылымы, білімі мен мәдениетінің орталығы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылғы 03 шілдеде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы астана күніне орай «Нұр – Сұлтан  - Еуразия ғылымы, білімі мен мәдениетінің орталығы» тақырыбында республикалық  ғылыми-практикалық конференция  жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның астанасы Нұр – Сұлтан қаласының маңыздылығын көрсететін өзекті мәселелерді талқылауға арналған. Бүгінгі астанамыз көпқырлы, ол елдің саяси және әкімшілік орталығы ғана емес, сонымен қатар дамыған инфрақұрылымы және заманауи сәулет үлгілерін қалыптастырған білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы болған мегаполис. Қазақстандықтар үшін астанамыз әлемдегі әлеуеті дамыған озық 30 елдің  қатарына енуі мен халықтың тұрақты даму арманын жүзеге асыратын арман астана.

            Конференцияда төмендегі бағыттар бойынша мәселелер талқылану жоспарлануда:

  • Қазақстан астаналары тарихи дамуының негізгі кезеңдері;
  • Қазақстан қалаларының даму тарихы және бүгінгі таңдағы урбанистика мәселелері;
  • Елорда және Қазақстан Республикасының саяси дамуы;
  • Нұр – Сұлтан – діни бірлестіктер мен ұлтаралықтар келісімінің орталығы;
  • Жаhандық кеңістіктегі Қазақстан ғылымы, білім мен мәдениеті;
  • Ұлы Даланың ұлы тұлғалары.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша.

Іс-шараға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Іс-шараға сондай-ақ онлайн-режимде Zoom платформасы негізінде қатысуға болады (идентификатор: 811 8220 6894, пароль: 950187).

 Конференция бағдарламасына қосылу үшін «Конференцияға» бұрыштамасымен толтырылған тіркеу формасын 2020 жылдың 30 маусымына дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2-қабат, 208-кабинет, Тел./факс 8 (727) 261-67-19; е-mail: kazhistory@bk.ru.тел.: 8705-232-18-17 (Б.Кұдайбергенұлы)

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

Тегі_______________________________________________________________

Аты_______________________________________________________________

Әкесінің аты_______________________________________________________

Ғылыми атақ-дәрежесі_______________________________________________

Ұйым аты, лауазымы________________________________________________

Мекен-жайы_______________________________________________________
Байланыс телефоны_________________________________________________

E-mail_____________________________________________________________

Баяндама тақырыбы_________________________________________________

Баяндамашы туралы мәлімет _________________________________________

 

Тақырыпқа қызығушыларға осы ақпаратты таратқандарыңыз үшін алдын-ала алғыс білдіреміз.

 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті