«Шыңғыс хан» кітабының (авторлары: Е. Исақұлов, З. Оразбай) тұсаукесері өтеді

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты 2020 жылдың 27 қарашасында Алтын Орданың (Ұлығ Ұлыс) 750 жылдығы аясында «Шыңғыс хан» кітабын (авторлары: Е. Исақұлов, З. Оразбай) жұртшылыққа таныстырады. Конференцияға қосылу Zoomhttps://us02web.zoom.us/j/89929711393?pwd=WEhndGFaUWV6RDJrYWVmdU1XbVYzZz09. Конференция идентификаторы: 899 2971 1393. Кіру коды: 273066)

Еуразия тарихы Шыңғыс хан мен одан тараған ұрпақтардың Тынық мұхиттан Орталық Еуропаға дейінгі алалықта құрған алып империясының ықпалымен болған геосаяси және  геомәдени өзгерістерге ұшырады. Моңғол дәуірі, постмоңғол дәуірі тарихы мәселелеріне арналған әр түрлі тілде жазылған сансыз еңбектерге қарамастан, тарихының көптеген қырлары, империяның этно-демографиялық құрамы, тұлғалар рөлі және геосаяси мұра мәселелері  зерттеушілердің деректер мен деректердің түсіндірмелеріне түрлі көзқараспен қарауы себепті  әлі де талас тудырып келеді немесе аз зерттелген. Алайда моңғол дәуіріне дейінгі және кейінгі  кезеңдердегі Еуразия тарихы бойынша сенімді дерек көздерінің арасында Рашид ад-Диннің  «Жамиғ ат-тауарих» еңбегі жатады.

Е.Исақұлов пен З.Оразбайдың зерттеулері Рашид ад-Диннің еңбегіне сүйене отырып, оны сирек те құнды ортағасырлық деректерді аударып, моңғол әлемінің этнодемографиялық алғы тарихы жайлы мәліметтер жинап, оларды салыстыра отырып талдау жасағандықтан, ерекше еңбек саналады. Ұлы даланың этногенетикалық қуаты Шыңғыс хан империясының құрылуында ажырамас бөлігі болғаны белгілі, оның этносаяси және этномәдени мұрагерлерінің бірі қазақ халқы. Осы тұрғыдан келгенде бұл кітап Ұлы дала тарихын, моңғол дәуірінен кейінгі кезеңдегі мемлекеттік құрылымдар тарихын зерттеуге қосылған қомақты үлес саналады. Сонымен бірге, ұлттық бірегейлікті іздеу үрдістері заманауи әлемдегі жалпы тарихи және элеуметтік мәдени ағым болып отырған тұста бұл кітап қазақ ұлтының рухани жаңғыруына ықпал ететіні, әсіресе өскелең ұрпақ үшін пайдалы болары сөзсіз.

Таныстырылымға қатысуға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Таныстырылымның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Таныстырылымға қатысу үшін 2020 ж. 23 қарашасына дейін мына адрес бойынша өтінім жіберу керек:  Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, 3-қабат, ауд. 305, Калыбекова М.Ч., байланыс тел.: +7(727) 261-67-19, 261-01-33, факс: +7(727) 261-67-19, +7 701 299 3041, е-mail: k.manara@mail.ru.

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Т.А.Ә (толық) __________________________________________________

Ғылыми дәреже (ғылыми атағы): ____________________________________

Мекеменің толық аталуы (оқу орны): _____________________________

Лауазымы: ____________________________________________________

Байланыс телефоны, факс.: ________________________________________

Е-mail.: ______________________________________________________

Баяндама/мақала тақырыбы:______________________________________

Өтетін орны: 050100 Алматы қ.,  Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы» ғимараты, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, 3-қабат, ОҒК конференц-залы.

Басталуы – в 15:00, қатысушыларды тіркеу – 14:30 бастап.

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті