ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 18.07.2011-23.07.2011 жж. аралығында

11-15 июля. Директор Института принял участие в работе Комитета по контролю в сфере образования и науки МОН РК в г. Астане по текущим рабочим вопросам.

15 шілде. Қытай еліндегі Іле автономиялық облысы Мори автономиялық ауданында өткізілетін «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттауға» байланысты іс-шараға қатысуға Этнология және антропология бөлімінің қызметкерлері: т.ғ.д., профессор Әжіғали С.Е., сыртқы байланыстар жөніндегі директордың орынбасары Еримбетова Қ.М. келді. Олар Қытай елінің мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын зерттеп білу және олармен қарым-қатынас жасай отырып, сол жерде тұратын қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігін көріп, әр-түрлі қажетті материалдар жинастыру мақсатымен сапар шекті.

19 шілде. Қазақстан Халық Ассемблеясында «Әділет» қоғамының төрағасы Сәуле Рахимқызы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры профессор Х.М. Абжанов, осы институттың Кеңес дәуіріндегі Қазақстан бөлімінің ғылыми қызметкері Қ.К. Қожахановалар Қазақстан немістерінің қоғамдық бірлестігінің «Возрождение» төрағасы Александр Федорович Дедерермен кездесіп, жиналыс өткізілді. Бұл жиынның негізгі мақсаты 2011 ж. 28 тамызында өткізілетін Қазақстанға неміс этносының күшпен қоныс аударылғандығының 70-жылдығына орай іс-шара жұмыстарының ұйымдастырылуы жайында жалпылама пікіралыс болды. Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға сала отырып, өткізілетін іс-шараның екі бөлімнен тұратынына тоқталды. Бірінші – митингі, онда келген қонақтар, қоғам мүшелері, неміс этосынан бірнеше адамдар сөз сөйлейді. Екінші – дөңгелек үстел өткізу.

«Отан тарихы» журналының 2011 жылы № 1 жарық көрді.

Фотоархив

Увеличить картинку