Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 10-16.12.2012


10.12.12. Директордың ұйымдастыру және коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары С.О. Смағұлованың «Дала мен қала» газетінің № 50-51 санында «Тәуелсіздік және Алаш идеясы» атты мақаласы жарияланды.

11.12.12. Институтта Қазақстандық ғалымдар С.Б. Бейсембаев пен Б.С. Сүлейменовтың мерейтойларына арналған «Қазақстанның әйгілі тарихшы-ғалымдары С.Б. Бейсембаев пен Б.С. Сүлейменовтың туғанына 100 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

13.12.12. Тәуелсіздік Күніне орай өткізілген Институт жиналысында Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, БҒК, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова баяндама жасады.

13.12.12. Тәуелсіздік күніне байланысты «Желтоқсан тағылымы: шындық пен дақпырт» тақырыбында Дөңгелек үстел болып өтіп, оған Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, БҒК, т.ғ.д. З. Қинаятұлы, т.ғ.д., профессор В.З. Галиев, Б.Ғ.К., т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов, т.ғ.д., Р.А. Бекназаров, т.ғ.д., С.О. Смағұлова және тағы басқа Институт қызметкерлері қатысты.

14.12.12. Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткізілген «Қазақ көтірілісі: әлеуметтік себептері мен саяси салдарлары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері Н.Ы. Жетпісбай және Р.Е. Оразов қатысып, баяндамаларын жасады.

14.12.12. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов және директордың ұйымдастыру және коммерциялық істер жөніндегі орынбасары С.О. Смағұлова Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткізілген Жаһанша Досмұхамедовтың 125-жылдығына арналған мерейтойлық конференцияға қатысып, баяндама жасады.

26.11.12. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали Халықаралық шығыс елдерінің архитектуралық академиясының корреспондент-мүшелігіне (ІААЕС) (Баку қ., Әзербайжан) сайланды.