Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ғылыми қазына және отан тарихы: жас ғалымдар міндеті


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі 2012 ж. 15 мамырда Алматы қаласында жас тарихшы ғалымдардың ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция тақырыбы: «ҒЫЛЫМИ ҚАЗЫНА ЖӘНЕ ОТАН ТАРИХЫ: ЖАС ҒАЛЫМДАР МІНДЕТІ»
Конференцияның негізгі бағыттары:
– Отан тарихы;
– Әлем тарихы;
– Деректану және тарихнама;
– Археология және этнография.

Конференцияға қатысу үшін Оргкомитет адресіне жіберу керек:
1. Ұсынылған форма бойынша өтініш;
2. Мақала мәтіні 7 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2012 жылдың 7 мамырына дейін_ мына мекен-жайға:
050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28
ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Конференцияның Ұйымдастыру комитеті, Оргкомитет төрағасы – Рахымқұлов Дәуітхан Айтжанұлына немесе төраға орынбасары – Көбеев Рүстем Жаулыбайұлына.

Байланыс телефоны және факс:
Байланыс телефоны: 8 (727) 272 44 79
Факс: 8(727) 261-67-19

Ресми өтініш пен тезистер (тек қана бекітілген файлда) төмендегі электрондық адрестерге жіберіледі.
rustemlw@hotmail.com
nurgulca@mail.ru

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 7 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12.
Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың аты-жөні, және ұйымның аты жақша ішінде – қала, мемлекет. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

1 Тегі, аты-жөні (толық)
2 Жұмыс немесе оқу орны (егер студент, магистрант немесе докторант болса, онда міндетті түрде оқу орнының атауы, факультеті және курсы көрсетілуі керек)
3 Ғылыми атағы мен дәрежесі
4 Байланыс телефоны және мекен-жайы
5 E-mail
6 Баяндама тақырыбы