«Қазақ тазысы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында 2013 жылдың 30 сәуірінде Этнология және антропология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарыныі докторы, профессор Ахмет Уәлханұлы Тоқтабайдың «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Қазақ тазысы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді. Тұсаукесерге белгілі тарихшылар, жазушы, журналистер қатыстады.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі «Қазақ тазысы» кітабында иттің шығу тегі, қазақтың ит ұстау мәдениеті, оның ішінде тазы асырау, ит жүгірту, аң аулауға баулу тәжирибесі тарихи деректер мен нақты материалдар негізінде баяндалады. Қазақтардың итке қатысты әдет-ғұрыптары, тазы туралы мақал-мақалдар, өлең-жырлар, аңыз-әңгімелер беріледі.
Өткізу мерзімі мен орны: 2013 жылдың 30 сәуірі, сағат 14.00. инд. 050100, Алматы қаласы, Шевченко көшесі – 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

Байланыс телефондары, факс:

Тел.: 8 (727) 261-16-35, 8 (727) 261-17-58.
Факс: 8 (727) 261- 67- 19
E-mail: kazhistory@bk.ru