Апталық шолу: 01-07.07.13.

01.07.13. «Аңыз адам» журналының №13 (73) санына Ежелгі және ортағасырлар тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д. З. Қинаятұлының «Жанкештілікпен жоңғарлардан азат етілген қазақ Ресейдің қоластына түсіп қалғанын білмей қалды» атты мақаласы жарық көрді.

 

01.07.13. «Аңыз адам» журналының №13 (73) санына Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева «Наурызбай тұтқынға түскен қалмақтың жаралы үш батырын басқсыға емделуге жіберген» атты мақаласы жарық көрді.

 

01.07.13. «Ұлттық тарих және аймақтың ғалымдарының міндеттері» тақырыбында Алматы қаласы әкімдігі және «Алматы ауданы ЖОО-дары ректорларының Кеңесі» Ассоциациясы ұйымдастырған тарихшылардың жиынында Институт директоры Х.М. Әбжанов «Ұлттық тарих және зерттеудің методологиясы» атты баяндама жасады. Жиналысқа институт қызметкерлері С.О. Смағұлова, Н.Ә. Атығаев, Г.Ж. Өскембаева, С.А. Асанова, Р.Е. Оразов, А.К. Омарова, Г.А. Омарова қатысты.

 

01.07.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «СТВ» телеарнасындағы деректі фильмге «Коллективтендіру кезеңіндегі қазақ ауылдары» мәселесі бойынша сұхбат берді.

 

01.07.13. «Айқын» газетінің №117 (2272) санына директордың ұйымдастырушылық және коммерция мәселелері бойынша орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлованың «Тарихта зерттеуін күткен тақырып көп» атты мақаласы жарық көрді.

 

01.07.13. «Айқын» газетінің №116 (2271) санына «Қазақстан тарихы қалай жазылуы керек?» атты айдармен т.ғ.д. З. Қинаятұлы, т.ғ.д. А. Тоқтабай, т.ғ.д. Қ.Әлімғазинов қатынасқан пікір-талас жарияланды.

 

02.07.13. Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Н.Ә. Атығаев «Қазақстан» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасына «Астанада тарих ғылымының дамуы және Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері» тақырыбында сұхбат берді.

 

03-07.07.13. Институт директоры Х.М. Әбжановтың Моңғолияға ғылыми іс-сапарға барды.  Моңғол Республикасының 90-жылдық мерейтойында медалмен марапатталды.        

 

04.07.13.  «Вечерний Алматы» газетінің (№83) санына Кеңес дәуінідегі Қазақстан тарихы АҒҚ, т.ғ.к., С.А. Асанованың «Жаңа тарихи парадигма» тақырыбында сұхбаты жарияланды.

 

04.07.13. «Алматы ақшамы» газетінің (№82) (4800) санына Институт пен Алматы қаласы Әкімшілігі және «Алматы ауданының ЖОО-дары ректорларының Кеңесі Ассоциациясының» ұйымдастыруымен өткізілген «Ұлттық тарих және ауданаралық ғалымдардың міндеттері» атты тарихшылардың жиынында  «Алматы – тарих ғылымының қалыптасқан ордасы» тақырыбында материалдар жарияланды. Институт директоры Х.М. Әбжанов «Тарих толқынындағы халық» атты кіріспе сөзі баяндалды.

 

04.07.13.  Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Н.Ә. Атығаев «Ел арна» телеарнасына «Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі.

 

05.07.13. «Айқын» газетінің № (120 (2275) санына Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК т.ғ.к. Д. Рахымқұловтың «Оқулық жазу ісіне мұқият болайық» атты мақаласы жарияланды.

 

05.07.13. «Деловая неделя» газетінің №26 (1051) санына Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., Г.Н. Ксенжиктің «Предложения по изучению национальной истории Республики Казахстан» («Қазақстан Республикасының ұлттық тарих ғылымын зерттеудегі ұсыныстар») атты мақаласы жарыққа шықты.

 

05-11.07.13. «Central Asia Monitor» газетінің №26-27 (446-447) санына Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұмановтың «Военнопленные: застывшие догмы и попытки переосмысления» атты мақаласы жарияланды.

 

06.07.13. «Алматы ақшамы» газетінің №83 (4801) санына Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаеваның «Төл тарихымызды толықтай зерттеу үшін шет елде сақталған құжаттар қажет» атты мақаласы жарияланды.