Методологиялық семинар «Көне тарихқа көзқарас» (Ә. Дәулетханов)

Method_seminar_26_09_2013 (32)2013 ж. 26 қыркүйек күні Институтта биылғы жылдың жоспарынан тыс методологиялық семинар жұмысы өткізілді. Баяндаманы «Көне тарихқа көзқарас»  («Взгляд на древнюю историю») тақырыбында Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетханов  жасады.

Семинар жұмысы баяндамашы Әлімғазы Дәулетхановтың 70 жылдық мерейтойы қарсаңына сай келді. Сөз берілген баяндамашы алдымен өзінің өмірбаянымен, өткен еңбек жолымен қысқаша түрде таныстырып, ғылым жолына қалай түскендігі жайлы да айтып өтті. Ал «Көне тарихқа көзқарас» тақырыбындағы баяндамасын келесі сұрақтар бойынша қарастырып тоқталды:

1. Көне тарих дегеніміз қай тарих?

2. Ол тарих қалай зерттеліп келді?

3. Тарихты, оның ішінде қазақ тарихын дәуірлеуде қандай теориялық қағидаларға сүйенуіміз керек?

Method_seminar_26_09_2013 (9)Ә. Дәулетханов Түркеш қағанаты (692-766) тарихының зерттелуі, бұған дейінгі зерттеулердегі басты қателіктер мен бұрмалаушылықтардың орын алуының себептеріне талдау, саралау, әдіс-тәсілдері туралы ақпарат берді. Түргеш қағанатының тарихнамасын айтып, зерттеушілердің (Гумилев, Зуев, Клышторный және т.б.) тақырыпқа қатысты еңбектерін саралады. Тарихтың жазылу барысына тоқталды, қазақ тарихын дәуірлеу, ұлттық тарихымызға көзқарас, мемлекеттілік ұғымы мәселелері бойынша өз пікірімен бөлісті. Сонымен қатар алда жазылар 10 томдыққа кірер тақырыптарды саралау барысында «Батыс Түрік қағанаты»,  «Түркеш қағанаты» жөнінде алдыңғы бес томдықтарда жазылған мәтіндерді пайдалануға мүлде болмайтындығы туралы өз пікірін айтып жеткізді. Баяндамашы өзінің жарыққа шыққан еңбектерін көпшілік қауымға таныстырып көрсетті. Нағыз ғылым жолын жалғастырамын деуші жастарға өзінің ғылыми тәжірибесіне сүйене отырып, ақыл-кеңестірін  берді.

Баяндаманы семинар жұмысына қатысып отырған тарихшы ғалымдар, сырттан келген қонақтар, жас тарихшылар аса зор қызығушылықпен тыңдады. Түргеш қағандарының басқа елден әйел алу мәселесі бойынша, Қытайда білім алған қағандар туралы және т.б. сұрақтар қойылды, баяндамашы тарапынан сұрақтарға дәйекті түрде жауаптар берілді. Тарихшы ғалымдар сөз болған проблемаларға қатысты өз көзқарастарын ортаға салып, жеке ой-пікірлерімен және кейбірі өткен ғылыми жолдарымен де көпшілік алдында бөлісті.
Method_seminar_26_09_2013 (12) Method_seminar_26_09_2013 (24)

Method_seminar_26_09_2013 (14)

Method_seminar_26_09_2013 (19)

Method_seminar_26_09_2013 (42)