Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ШОЛУ 21-27.11.2016 ж.


22.11.2016.«Ғылым ордасы» конференц-залында «Известия НАН РК. Серия геологии и технических наук» журналының редакторлық алқасын Elsevier – Scopus халықаралық дерекқорынаиндекстеуКуәлігін салтанатты түрде тапсыруы болды. ҚР ҰҒА Президенті М.Ж. Жұрынов құттықтау сөз айтты. Elsevier атқарушы вице-президенті Джино Усси, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ғ.М. Мұтанов өз баяндамаларын жиналғандар назарына ұсынды. Аталған шарағаИнститут директорының орынбасары, т.ғ.д. С.Ә. Смағұлова, ғылыми хатшы PhD А.П. Ермұхамедова, Этнология мен антропология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Г.У. Орынбаева, Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері А.Т. Саурықова, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері К.А. Саркенова, Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихыбөлімінің ғылыми қызметкеріӨ. Қанай, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Д. Кубеев, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің ғылыми қызметкері А.Н. Қоңқабаева қатысты.

23.11.2016. Қазақстанның белгілі тарихшысы, Институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор, «ЕңбекҚызыл Ту Орденінің», «Еренеңбегіүшін» және«Құрмет», «Моңғолияның демократиялық көтерілісінің 20 жылдығы», «Қазақстантәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының лауреаты ЗардыханҚинаятұлыұзаққа созылған аурудан кейін дүниеден озды.

24.11.2016. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ақтөбе облысының әкімдігі, Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған Мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтың 125 жылдығына арналған «Ұзақбай Құлымбетов және Қазақстанның мемлекеттілігі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысы Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Институт директоры, т.ғ.д., ҚР ҰҒА кор. мүшесі Х.М. Әбжанов пленарлық мәжілісте «Қайраткер қуанышы мен қасіреті» тақырбында баяндама жасады. Сонымен қатар пленарлық мәжілісте Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.Ә. Смағұлова(«Ұ. Құлымбетовтың қуғындалуы») және Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова(«Ұзақбай Құлымбетовтің аграрлық-экономикалық және Республиканы аудандау саласындағы ұстанымдары») баяндама жасады.

25.11.2016. Алматы қаласының әкімдігі мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп ұйымдастырған белгілі саясат және қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының көшбасшыларының бірі Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Алаштың Әлиханы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Модератор қызметін институт директорының орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев атқарды. Конференция жұмысында Ә.Бөкейханов өмірі мен қызметін, «Алаш» партиясын зерттеуші белгілі тарихшылар баяндама жасады. Сонымен қатар журналисттер мен қайраткердің туыстары да қатысты.