Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Методологиялық семинар


2016 жылдың 17 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында кезекті методологиялық семинар болып өтті. Семинар жұмысын модератор, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева кіріспе сөзімен ашты.

Методологиялық семинар 10 томдық 20 кітаптан тұратын «Отан тарихы» ұжымдық еңбектің 9, 10, 11кітаптың орындалу барысы мен аяқтау мәселелеріне арналды. 9 том бойынша «Казахстан в ХVIII-начале ХІХ веков», 10 том бойынша «Казахстан в 20-60 годах ХІХ века», атты тақырыптарда Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик баяндама жасады. 11 том бойынша жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. С.К. Рустемов «Казахстан во второй половине ХІХ ­– начале ХХ века» атты тақырыпта, қосымша өзінің зерттеу мәселесіне байланысты «Казахи и османские турки: социо-политические взаимоотношения второй половины ХІХ – начале ХХ в.» атты тақырыптарда сөз сөйледі.

Г.Н. Ксенжик баяндамасында 9томның жалпы мазмұны, құрылысы, әрбір тарау бойынша тартылған авторлар сол тақырыптың зерттеуші мамандары екенін атап өтті. Томды жазу барысында Қазақстанмен қоса шет елдің жазба және ауызша деректерінпайдалану, томның жалпы көлемі 35 б.т. болып табылатыны, томның құрылысы хронологиялық кезеңмен жасалғаны туралы айта келе, өте жақсы жазылған тарауларға жеке-жеке тоқталды.

10 том құрылысы 2 тараудан 5 бөлімнен, жалпы көлемі 32 б.т., тұратынын, том бойынша қарастырылған мәселелер жаңа және өзекті б.т. баса назар аударғандықтары туралы баяндады.

С.К. Рустемов 11 томның 2 тараудан тұратыны, жалпы мазмұны,жазылу барысына тоқтала келе, Р.Е. Оразовтың жазған «Әскери тұтқындардың Қазақстанда болуы» туралы жазған бөлімі өте жақсы жазылғанын онда Қазақстанның, Ресейдің мұрағат материалдары кеңінен қамтылғаны, тұтқындардың абақтыға қамалып жатқан суреттері т.б. оқырманды қызықтыратын тұстарының бар екенін атап айтты.

«Казахи и османские турки: социо-политические взаимоотношения второй половины ХІХ – начале ХХ в.» атты тақырыпта С.К. Рустемов екі халықтың өзара байланыстарына, Осман империясы мен Ресей империясының арақатынасында орын алған оқиғаларға, отарлық жағдайдағы қазақтардың түріктерге деген іштартушылық орын алғанына, Ресейдің отарлық саясатына деген қазақтар арасындағы наразылық, Түркияға қолдаушылық танытудың көрініс тапқаны туралы баян етіп, сөзін қорытындылады.

Методологиялық семинар соңында семинарға қатысушы т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова, т.ғ.к. Ә. Дәулетхан, Р.Е. Оразов, А.П. Ермухамедова сындығалымдар өз ойларын ортаға салып, пікір алмастырды.