Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


2017 жылы 16 наурызда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында кезекті методологиялық семинар өтті. Семинар жұмысын модератор, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева кіріспе сөзімен ашты.

Методологиялық семинар «Деректанудың қазіргі кездегі мәселелері» атты тақырыпқа арналды. Баяндамашы: т.ғ.д. Ж.М. Төлебаева аталған тақырыпта келесі мәселелерді қарастырды: ХХ ғасырдағы деректанудың негізгі даму бағыттары. Олардың зерттеу әдістері және қолжазба кітаптарды ғылыми сипаттаудың жалпы принциптері.

Семинар барысында Ж.М. Төлебаева тарихи деректерді зерттеудің негізгі принциптерін баяндап берді, мысалы, деректерді зерттеу барысында сол деректің мазмұнын ғана емес, соған қоса автордың өмір баянын да қарастыру қажет. Сонда сол деректің шығу тарихын анықтауға болатынын айтып берді.

Семинар соңында институттың ғылыми қызметкерлері сұрақтар қойып, өзара пікір алмастырды.