Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНҒА АРНАЛҒАН ТҰҢҒЫШ ЕСКЕРТКІШТІҢ АШЫЛУЫ


2017 жылғы 22 қыркүйекте Семей қаласында Қазақстан халқы үшін ұмытылмас және есте қаларлық оқиға өтті: Шығыс Қазақстан облысының және Семей қаласының басшылары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, отандық және шетелдік ғалымдардың, еліміздің мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерінің қатысуымен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханның Қазақстандағы балғашқы ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар «Алаш және рухани жаңғыру: идеялар жалғастығы» тақырыбында Халықаралық конференция өткізіліп, оның Пленарлық мәжілісінде Институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов «Алаш идеясы және қоғамның қазіргі рухани жаңғыру мәселелері» атты басты баяндама жасады. Ол өз баяндамасында форумға қатысушылардың басты назарын латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі мен оның өз уақытында көтеріліп отырғандығына аударды. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Алаш аллеясы» ашылды.