Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТАРИХЫНЫҢ ҮШТОМДЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕ


2017 жылғы 23 қарашада Қостанай облысы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Экономика мен қоғамның жаңғыртылуы үрдісіндегі «Рухани жаңғырудың» тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияда Институт директоры, профессор З.Е. Қабылдинов «Дәстүр мен салт «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мәнмәтініндегі ұлттық рухани жаңғырудың факторы ретінде» деген басты баяндама жасады. Осы ғылыми форум аясында институт және жергілікті ғалымдар мен өлкетанушыларды тарта отырып «Қостанай облысының тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін» атты үштомдық іргелі еңбек жазу жөнінде шешім қабылданды.