Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ» ИНТЕРАКТИВТІ ҒЫЛЫМИ ТАРИХИ КАРТА» ЖОБАСЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖӘНЕ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ


12 желтоқсан 2017 ж. күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта» Жобасы бойынша Республикалық дөңгелек үстел және интерактивті картаның тұсаукесері өтті. Осы мемлекеттік тапсырманы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ақпараттық және есептеу технологиялар институты және Георгафия институтының мамандары орындады.

Институт директоры т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов дөңгелек үстелді ашып, жобаның мақсаты мен міндеттеріне, қаржыландыру мәселесіне шолу жасады. Ғылым комитеті мен институт арасында осы мемлекеттік тапсырманы орындау үшін №379 келісім-шартқа (30 қараша 2017 ж.) қол қойылғанын атап өтті. Келісім-шарт негізінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты География институты және Ақпараттық және есептеу технологиялар институтымен келісім-шартқа қол қойды.

Георгафия институтының директоры ҚР ҰҒА академигі А.Р. Медеу векторлық қабаттармен ArcGIS 10.1 лицензиялық бағдарламасындағы геоинформациялық жүйе негізінде топографиялық картаны қолданып Қазақстан Республикасының цифрлық картографиялық негізін жасау, ГИС технология негізімен редакциялауды мамандар жүзеге асырғанын сипаттады.

Ақпарат және есептеу технологиясы институты бас директорының инновациялық және қолданбалы жобалар бойынша орынбасары Мағзом Мирас интерактивті картаның презентациясын жасады.

Дөңгелек үстел барысында «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта» атты Жоба жинағының да тұсаукесері болды.

Ғылыми форумда Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі Калашникова Н.П., Институт ғалымдары Алдажұманов Қ.С., Құдайбергенова А.И., Ф.М. Шамшиденова, ҚР Президенті мұрағаты директорының орынбасары Әлімғазинов Қ.Ш., Түрік мәдени орталығы төрағасының орынбасары Қасымов Қ.Т. аталмыш жобаның орындалу барысы жөнінде өз ойларымен бөлісті.