Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпарат


2017 ж. 15 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Құттықтау сөзін институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы айтты. Сонымен қатар келесі қызметкерлер сөз сөйледі: Шамшиденова Ф.М. – т.ғ.д., директордың ғылыми мәселелер жөніндегі орынбасары, Төленова З.М. – т.ғ.к., институттың жетекші ғылыми қызметкері, Құдайбергенова А.И. – т.ғ.д., профессор, институттың бас ғылыми қызметкері, Қозыбаева М.М. – институттың ғалым хатшысы, PhD доктор.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі негізгі жетістіктерін талқылады, олардың арасында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыруы бар. Іс-шара барысында 2017 жыл бойынша институт дамуының қорытындылары жасалынды, сонымен қатар жоспарланған іс-шаралар, гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша конкурстарына жобалардың өтінімдері дайындалды, және институттың дамуына үлкен үлес қосқан үшін ғылыми қызметкерлер алғыс хаттарымен марапатталды.