Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


3 мамыр 2018 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Ұлы отан соғысындағы Кеңес Одағының Жеңіс күніне арналған «Қазақстанның ұлттық әскери құрамалары соғыс майдандарында (1941-1945 жж.)» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Қ.С.Алдажұманов «Национальные войсковые формирования Казахстана и их вклад в Победу в войне 1941-1945 годов», С.Ә. Асанова «Новые материалы о национальных войсковых формированиях Казахстана», А.Ә.Жүнісбаев «К истории формирования 105-й национальной кавалерийской дивизии», Б.Б. Бұрханов «История войны в воспоминаниях ветеранов» және А.Н.Қали «Қазақ халқының майдандағы көмегі» тақырыптарында баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында баяндамашылар Жамбыл және Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағаттарында, Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағатында, сондай-ақ, Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарих мұрағатында табылған бірегей құжаттар туралы айтып берді. Өз баяндамаларында олар 105-ші қазақ кавалериялық атты әскер дивизияның құрылғаны туралы, Ресей мұрағатында соғыс жылдарындағы БКП(б) діни және ұлттық саясатының ерекшеліктерін ашатын бұрын құпияланған құжаттар туралы баяндап берді.

Соңында институттың ғалымдары пікір алмасты. Соғыс тақырыбын ғылыми қарастыру, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы бойынша методологиялық семинарларды өткізу, семинарлар мен дөңгелек үстелдердің жұмыстарына докторанттар мен магистранттарды тарту туралы ұсыныс жасалды.

Дөңгелек үстелге институттың ғылыми қызметкерлері, докторанттары мен магистранттары қатысты.