Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Астана қаласының мемлекеттік архивімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды


2018 ж. 24 мамыр күні Астана қаласында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы мен Астана қаласының мемлекеттік архиві ММ, директоры Көкбас Арысбек арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісімшарттың мәні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Астана қаласының мемлекеттік архиві арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу, Тараптардың қызметінің түрлі қырлары бойынша ҚР іс жүзіндегі заңнамаларына кайшы келмейтін ақпараттық және кеңес беру көмегін корсету сияқты іскерлік қарым-қатынас болып табылады.