Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Уәлихановшылар» ұжымдарымен достасады


Жақында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университетінің директоры Марат Қадырұлы Сырлыбаевпен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Екі «бауырлас» мекемелердің басшылары конференциялар өткізу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ұжымдық монографияларды жариялау бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге келді. Сонымен қатар, Шоқан Уәлихановтың таңдаулы тарихи-этнографиялық шығармаларын БҰҰ-ның тілдеріне аудару туралы келісімге, Ақмола облысының мемлекеттік архивінің қатысуымен «Ақмола облысының ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы» атты үш томдық еңбегін жариялау туралы келісімге қол жеткізілді.