Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Тарихтағы азамат соғысының феномені» ТМД елдерінің жас ғалымдар-тарихшылардың халықаралық жазғы мектебі


2018 жылдың 15-21 шілде аралығында Қырғыз Республикасында ТМД елдерінің жас ғалымдар-тарихшылардың «Тарихтағы азамат соғысының феномені» атты халықаралық жазғы мектебі өтті. Ұйымдастырушылар ретінде Қырғыз Республикасының ҰҒА Тарих және мәдени мұра институты, РҒА Жалпы тарих институты, ТМД мемлекеттер-қатысушылар гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры және ТМД елдері тарих институттарының халықаралық ассоциациясы болды.

Жазғы мектепке Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының қызметкерлері – жетекші ғылыми қызметкер, қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты А.С. Уалтаева, «Қазақстан аумағындағы азамат соғысының майдандары» тақырыпқа баяндама жасап; тыңдаушылар ретінде ғалым хатшы, PhD доктор М.М. Қозыбаева мен кіші ғылыми қызметкер М. Морякова қатысты.

Мектеп барысында ТМД елдерінің тарихи саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу институттарының атақты ғалым-тарихшылар азаматтық соғысы феноменін және оның Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, АҚШ, Перу, Испания және т.б. тарихи оқиғалары мысалында бағалау ерекшеліктері туралы дәрістер оқыды. Сабақтан бөлек қатысушыларға арналған Қырғызстандағы азаматтық соғыс жылдарында есте қалатын жерлерінде, сонымен қатар көшпелі өркениет орталығында семинарлар өткізілді.