Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Беларусь Ғылым академиясының Тарих институтымен ынтымақтастық туралы келісімшарт


Институт қызметкерлері А.С. Уалтаева, М.М. Қозыбаева, М. Морякова 2018 жылдың 15-21 шілде аралығында Қырғыз Республикасында өткен ТМД елдерінің жас ғалымдар-тарихшыларының «Тарихтағы азамат соғысының феномені» атты Халықаралық жазғы мектебінің  жұмысына қатысуы аясында, Беларусь Ғылым академиясының Тарих институты басшылығымен бірлескен ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізді. Меморандумның жобасы талқыланып, институт директорларына бекітуге ұсынылды.

13 тамызда ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты мен Беларусь Ғылым академиясының Тарих институты арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.