Алматы облысының мемлекеттік архивімен ынтымақтастық туралы келісімшарт

2018 ж. 8 қазанда Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы мен Алматы облысының мемлекеттік архиві, директоры Құлмұханбетова Гүлмира Ивановна арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісімшарттың мәні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Алматы облысының мемлекеттік архиві арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу, Тараптардың қызметінің түрлі қырлары бойынша ҚР іс жүзіндегі заңнамаларына кайшы келмейтін ақпараттық және кеңес беру көмегін корсету сияқты іскерлік қарым-қатынас болып табылады.