Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Т.Қ. Жүргеновтің 120 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан мәдениеті мен өнерінің қайраткері, ірі тұлға – Т. Жүргенов» атты дөңгелек үстелдің баспасөз баяны


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Т. Жүргенов» қоғамдық қоры 2018 жылы 4 желтоқсанда Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Т.Қ. Жүргеновтің 120 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан мәдениеті мен өнерінің қайраткері, ірі тұлға – Т.Жүргенов» атты атты дөңгелек үстел өткізеді. Іс-шара барысында ХХІ ғ. мәдени жаңғыртудың негізгі заманауи пайымдау мәселелері мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы басымдылық факторлары айқындалады.

Ұйымдастырушылар: Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, «Т. Жүргенов» қоғамдық қоры.

Координатор: З.Е. Қабылдинов – т.ғ.д., Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры.

Қатысушылар: ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер, БАҚ, магистранттар мен докторанттар.

Іс-шараны өткізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өтетін күні мен уақыты: 2018 ж. 4 желтоқсан, басталуы сағ. 14.30.

Өтетін орны: «Ғылым ордасы», Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Алматы қ., Шевченко көш, 28, 2 этаж, 205 ауд.