«Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясы мен жинағының тұсаукесері

2018 ж. 19 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық кітапханасында Бөкейхан Ә. Шығармалары – Сочинения. 15 том. – Астана: «Алашорда» Қоғамдық қоры, 2018. – Қазақша, орысша жинағының және «Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясының таныстырылымы өтті. Сұлтан Хан Аққұлы Жүсіп – ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры аталған жинақ пен энциклопедияның жарыққа шығу жолымен, кезеңдерімен таныстырып өтті. Ардагер ғалым Шәлекенов У.Х. және алаштанушы тарихшы Қойгелдиев М.Қ. өз құттықтауларын айтып, Ә. Бөкейханға байланысты кітаптар бойынша тұшымды ойларын  көпшілікке жеткізді.

Сонымен қатар, филология ғылымдарының докторы Орынай Сағынғалиқызы Жұбаева бірқатар еңбектерді таныстырып, олардың қазіргі қоғамды қалыптастыруда тигізер пайдасы және ықпалы туралы сөз етті. Шараға түрлі білім, ғылым ордаларынан келген зиялы қауым өкілдері қатысып, жаңа басылымдарға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.