Түрік әріптестермен кездесу

2019 ж. 8 қаңтарда Институтта Анкарадағы (Түркия) Хаджеттепе университетінің профессоры Мехмет Дервиш Клынчкаямен кездесу өтті. Іс-шараға Институт директоры, т.ғ.д. З.Е. Қабылдинов, директор орынбасары, т.ғ.к. С.М. Борбасов, директор орынбасары, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев, ғалым хатшы, PhD доктор М.М. Қозыбаева, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Н. Әлімбай, Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Г.У. Орынбаева, жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к., доцент С.К. Рүстемов және т.б. қатысты.

Кездесу барысында тараптар Scopus базасына кіретін СTAD: JOURNAL OF MODERN TURKISH HISTORY (ISSN: 1305-1458 E-ISSN: 2147-1592) ғылыми журналында Институт қызметкерлерінің мақалаларын жариялау туралы мүмкіндіктерді талқылады. Қазіргі уақытта бұл журналда Түркия мен көрші елдерінің тарихы бойынша түрік және ағылшын тілдерінде мақалалар жарияланады. Сонымен қатар, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою, институттың магистранттары мен докторанттары тағылымдамадан өту туралы мүмкіндіктер талқыланды.