АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2019 жылдың 5 қарашасында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғылымды ұйымдастырушы, дарынды зерттеуші және педагог, Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Федорович Дахшлейгердің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан тарих ғылымының дамуына Г.Ф. Дахшлейгердің қосқан үлесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Г.Ф. Дахшлейгердің бүкіл ғылыми қызметі Қазақстандағы академиялық ортамен, әсіресе, Тарих, археология және этнография институтымен тығыз байланысты болды. Г.Ф. Дахшлейгер оқуын Одесса университетінің тарих факультетінде бастап, 1941 ж. Орта-азиялық университетте (Ташкент) аяқтады. Кеңес Армиясының қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысты. Аспирантураны бітірген соң Институтқа жұмысқа қалдырылды. 1950 ж. «Түрксіб құрылысының тарихы» атты кандидаттық диссертациясын табысты қорғаған соң, Институттың ғылыми хатшысы болды. Кейіннен аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1956 жылдан бастап өмірінің соңына дейін директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. Г.Ф. Дахшлейгер 5 монография және 200-ден аса мақала жазып, Қазақстанның тарих ғылымына үлкен үлес қосты. Бірқатар монографиялардың жауапты редакторы, құжаттар жинақтарының құрастырушысы, ҮСЭ мен ҚСЭ авторы болды. 1979 ж. ғылыми еңбектері үшін ҚазКСР ҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа, 1982 ж. авторлар тобының құрамында бес томдық «Қазақ КСР тарихын» шығаруға қосқан үлесі үшін Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның жетекшілігімен 3 докторлық және 14 кандидаттық диссертация қорғалды.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тарих ғылымы дамуының ерекшеліктері және Г.Ф. Дахшлейгердің қызметі;
  2. Г.Ф. Дахшлейгердің Қазақстан тарихының тарихнамалық және деректанулық мәселелерін көтеруі;
  3.  Г.Ф. Дахшлейгердің педагогикалық қызметі;
  4. ХХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері;
  5. Г.Ф. Дахшлейгердің ғылыми мұраларының қазақ тарихының жаңа тұжырымдамаларын қалыптастырудағы рөлі мен маңызы.

Конференция жұмысына қатысу үшін ұсынылған форма бойынша өтініш пен мақала мәтінін жіберулеріңізді сұраймыз.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Көлемі 5 беттен 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» – 14. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияға қатысу және ұйымдастыру жарнасы 2500 теңге. Жарнаны мына реквизитке аудару қажет: «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМҚК. БИН 990340002982; КБЕ.16; ИИК KZ 318 560 000 000 081 691; АО «БанкЦентрКредит»; БИК KCJBKZKX

Конференцияның мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2019 жылдың 5 қазанына дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы және байланыс телефондары:

Мекенжайы: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты; 8 (727) 272-46-55 (Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімі); е-mail: kazhistory@bk.ru; S.Shildebai@mail.ru

Конференция өтетін орын: Алматы қ., Шевченко көш., 28, Ғылым Ордасы. Кіші конферен-зал. Басталуы сағат 10:00.

Аты-жөні (толық) _____________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________

Лауазымы: __________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _______________________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________________________

Автордың адресі:_____________________________________________________

Факс, E-mail ________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:________________________________

 

Ұйымдастыру комитеті