«Архив-2025» орталығының директорымен кездесу

2019 ж. 7 ақпанда институтта ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив-2025» орталығының директоры Б. Әбдіғалимен кездесу өтті. Шетелдерден бұрын әкелінген мұрағат материалдарының тізілімін құру, Институт қызметкерлерінің әлемдегі ең ірі мұрағат қоймаларына шығу тәртібі талқыланды. Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша қатысушыларға арналған тиісті нұсқаулықтарды әзірлеу және бекітуі ұсынылды. Институт директоры З. Қабылдинов келген қонаққа президенттік тапсырманы сапалы орындау үшін қызметкерлердің дайын екендігін сендірді.