Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасын ғылыми негізде зерттеуші, текстолог Хамадан Университетінің профессоры Али Мохаммадимен кездесу


Институттың  Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан және іргелес елдер тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен  13 ақпан 2019 жылы Иран Ислам Республикасының Хамадан Университетінің профессоры,  Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасын ғылыми негізде зерттеуші, текстолог ғалым Али Мохаммади мырзамен кездесу өтті. Кездесуге Али Мохаммади мырзадан өзге Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, шығыстанушы Сафар Абдулло мырза және Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім басшылары қатысып, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасының негізінде, парсы тіліндегі тарихи деректерді зерттеу мәселелерін талқылады. Кездесу нәтижесінде болашақта Қазақ-Иран халықтарының ынтымақтастық және достық қарым-қатынасының күшімен бірлескен тарихи зерттеулер жүргізіліп, іс-шаралар ұйымдастыру мақсаты айқындалды.