АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2019 жылдың 4 сәуірі күні сағат 10:00-де ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық музейі бірлесе отырып қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ғалым, отандық ғылымды әлемдік деңгейге көтерген тұлға, КСРО мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Ленин сыйлығы мен Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Қ.И. Сәтбаев – Қазақстан ҒА тұңғыш академигі, ғылымды ұйымдастырушы, көрнекті ғалым және қоғам қайраткері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – бүгінгі таңдағы Қазақстан ғылымының өзекті мәселелерін талқылау; ғалымның ғылыми мұрасын тарату; академик Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің мысалы арқылы республиканың өскелең ұрпағын отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс.

Конференция жұмысына қатысу шығындары қатысушы тараптың есебінен жүргізіледі.

Конференция бағдарламасына баяндамаларды енгізу үшін 2019 жылдың 20 наурызына дейін аты-жөнін (толық), ғылыми дәрежесі мен атағын, лауазымын, ұйымын, байланыс мәліметтерін, баяндама атауын көрсете отырып өтінім жіберу қажет.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

Баяндама тезистері 2019 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады. Мәтінді даярлау кезінде төмендегідей талаптарды сақтаған жөн:

-  көлемі 10 бетке дейін, MS WORD редакторында, мәтін шрифті Times New Roman, кегль 14, аралық интервал – бір;

-  абзац – 15 мм, абзац қою автоматты түрде жүзеге асырылуы тиіс;

-  шектері: жоғарғы, төменгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм;

-  автордың аты-жөні, ұйымның атауы – оң жақ бұрышта;

-  баяндама атауы төменірек бас әріптермен ортада орналастырылады;

-  тырнақша – «». Даталарды көрсеткенде ғасырларды рим цифрларымен, жылдарды араб цифрларымен жазу қажет;

-  мақаланың негізгі мәтінін алаңның ені бойынша түзеген жөн;

-  Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылу реті бойынша пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес пайдаланылған бетін көрсету арқылы жасалады: 1. Касымбеков М.Б. Модель Назарбаева. – Астана: издательство «Деловой Мир Астана», 2016. – С.26.

-  Қысқартулар тізімі аббревиатураларды ашып көрсету арқылы әліпбилік тәртіппен берілуі керек;

-  Әліпбилік тәртіппен атаулы көрсеткіш беріледі.

 Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қайтару құқығын өзіне қалдырады.

Өтініштер мен материалдар электронды нұсқада е-mail бойынша қабылданады: kazhistory@bk.ru; saltasanova@gmail.com

 Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы және байланыс телефондары: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТжЭИ; 8(727) 272-46-55 (Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімі); Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық музейі, тел.: 8(727) 272-47-83.

Конференция өтетін орын: Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым Ордасы» РМК Үлкен конференц-залы.

 Қатысуға шақырамыз!

«Қ.И. Сәтбаев – Қазақстан ҒА тұңғыш академигі, ғылымды ұйымдастырушы, көрнекті ғалым және қоғам қайраткері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІМ

Өзіңіз туралы барынша толық мәлімет беруіңізді өтініп сұраймыз.

Тегі
Аты
Әкесінің аты
Туған жылы
Қала, облыс, мемлекет
Жұмыс орны
Лауазымы, ғылыми дәрежесі
Телефон/факс
Е-mail
Баяндама тақырыбы
Қатысу түрі
Техникалық құрал-жабдықтар қажет пе

 

Ұйымдастыру комитеті