Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының А. Дониш ат. Тарих, археология және этнография институты ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды

2019 ж. 29 наурызда институттың жетекші ғылыми қызметкері, Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, PhD Т.Ә. Әпендиевтің бастамасымен Тәжікстан қ. Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының А. Дониш ат. Тарих, археология және этнография институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Убайдулло Насрулло Каримзодамен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Осы меморандумды жүзеге асыру мақсатында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының, сонымен қатар халықаралық жобаларды дайындау және іске асыру бойынша бағыттары анықталды.