Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті


2019 жылдың 6 мамыры күні Институтта Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Ұлттық тарихтың қалыптасу жағдайында қазақ халқының екінші дүниежүзілік соғыс оқиғаларына қатысу мәселесі қазіргі таңда одан әрі терең зерттеуді, әскери тарихтың негізгі оқиғаларына баға берудің методологиялық тәсілдерін қайта қарастыруды талап етіп отыр.

Конференцияда төмендегідей мәселелер талқыланды:

1. Қазақстанның әскери тарихындағы ұлттық әскери құрамалардың рөлі және маңызы;
2. Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі;
3. Қазақтардың Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысына қатысуы;
4. Әскери тұтқын болған қазақтардың тағдыры (Түркістан легионы);
5. Еңбек армиясындағы қазақтар.
Жоғарыдағы мәселелер бойынша Алдажұманов Қайдар Сейсенбайұлы, Асанова Салтанат Әмірғалиқызы, Қапаева Айжан Тоқанқызы, Төленова Зира Маймаққызы, Мұхатова Оразгүл Хасенқызы, Тұмабаев Тұрлыбек, Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы сияқты тарихшы-ғалымдар соңғы ғылыми жаңалықтарға негізделген өз пікірлерін ортаға салды.