Шығыс Қазақстан облысындағы іссапар қорытындысы

«Қазақстан халқы» интерактивтi ғылыми карта жобасы бойынша 2019 жылдың 28 маусым мен 07 шілде күндері аралығында Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының «Жаңа дəуiрдегi Қазақстан тарихы» бɵлiмiнiң меңгерушiсi, Жас ғалымдар кеңесiнiң тɵрағасы, PhD Т.Ə. Əпендиев пен «Тарихи демография жəне Қазақстан халқы ассамблеясы» бɵлiмiнiң жетекші ғылыми қызметкерi А.С. Уалтаева Шығыс Қазақстан облысында іссапарда болып қайтты. Іссапар барысында тұрғылықты 30-дан астам этнос ɵкiлдерiмен және ШҚОҚХА мүшелерімен кездесiп, Институтта орындалып жатқан «Қазақстан халқы» интерактивтi ғылыми картаның жобасы таныстырылды. Сонымен қатар іссапар барысында үш мемлекеттік мекемелермен: ШҚО мемлекеттік мұрағаты, ШҚО ҚХА, ШҚО әкімдігінің Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен ғылыми ынтымақтастық жөніндегі келісім шартқа қол қойылды. Келісім шарт негізінде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында осы өңірдегі этностардың тарихына қатысты жұмыстар жүргізіліп 150 беттен астам архивтік құжаттар, сирек кездесетін 7 құнды ғылыми еңбек әкелінді.