2019 ж. түлектерді дипломдармен марапаттау

2019 ж. 09 шілде күні «Ғылым ордасы» концерттік залында әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті мен ғылыми-зерттеу институттары арасында бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша магистратура мен докторантура оқу кезеңдерінің түлектерін дипломдарымен марапатталуы өткізілді. Дипломдармен 87 түлектер марапатталды. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтынан 12 магистранттар диплом алды. Бұл бағыт бойынша координаторы мен кураторы – «Ғылым ордасының» Ғылыми кадрларды даярлау бойынша орталығының жетекшісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.С. Уалтаева.