Тарихшы, PhD доктор Әпендиев Тимур Әкімханұлының өмірбаяны

DSC_0063

Әпендиев Тимур Әкімханұлы – 1989 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген селосында үлкен отбасында дүниеге келген. 1997 жылы Кеген селосының №3 Қызылту орта мектебінің табалдырығын аттаған. 2007 жылы бұл 11 жылдық орта білімін жақсыға аяқтап, 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетіне түсіп, оны 2011 жылы бітірген. 2008-2010 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіңің Әскери кафедрасында оқып «Аға сержат» әскери атағын алған. 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінің магистратурасында түсіп, 2013 жылы гуманитарлық ғылымдардың магистірі мамандығын алып шықты.
Осы аталған жылдары магистратурамен бірге екінші жоғарғы санат бойынша Шет тілдер және Іскерлік Карьера униерситетінің «Есеп және аудит» мамандығын тәмәмдаған. 2013-2015 жылдары екінші жоғарғы санат бойынша Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетінің «Құқықтану» мамандығын бітірген. 2014-2017 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің PhD докторантурасында оқып, диссертация жұмысын мерізімінен бұрын қорғаған. Оқу жылдары бірнеше үздік дипломдармен марапатталған. 2012-2016 жылдар аралығында шет елдерде (Түркия, Германия, Мәскеу) білімін жетілдірген.
Тарих саласы бойынша бірнеше Отандық ғылыми кітаптардың құрастырушыларының бірі. Сонымен қатар, Отандық және шетелдік (Thomson Reuters, Scopus) ғылыми деңгейі жоғары журналдарда, халықаралық және республикалық конференция жинақтарында 40-тан астам ғылыми мақалалары жарық көрген. Сонымен қатар, 1946 жылдан бастап шығатын, әлемнің 73 еліне таратылатын ҚР ҰҒА ғылыми 8 академиялық журналдарының редакторы.
Қызмет саласында 2013-2014 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінің «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының ғылыми жоба қызметкері болып жұмыс істеген.
2013-2015 жж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, 2017 ж. бастап институттың аға ғылыми қызметкері.
2015-2016 жж. ҚР Ұлттық ғылым академиясы Төралқасының жетекші маманы, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы президентінің көмекшісі болып жұмыс істейді.