Қ.Ш. Әлімғазиновтін ҚР ұлттық тарихының зерделеу жөніндегі жиналысы туралы пікірі

Әлімғазинов Қ.Ш.
Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология институ­ты­ның
Тарихнама, деректану және заманауи методология
бөлімінің меңгерушісі

5 маусымда КР Мемлекеттік хатшы, М.М. Тәжиннің төрағалығымен ҚР ұлттық тарихының зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысының жиналысы өтті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында осындай жоғары мемлекеттік деңгейде – тарихшыларды, басқа да гуманитарлық саласының ірі ғалымдарын жинап, ғылыми-теориялық турғыдан тарих ғылымының ХХІ ғасырдағы рөлін, даму парадигмаларын талқылау, ой-пікірлермен бөлісу – алғашқы рет деп айтсам – қателеспеймін.

Тарих ғылымының қоғамды тәрбиелеу, қоғамдық ой-сананы қалыптастыру, мемлекеттілікті нығайту рөлі зор екендігі күмән туғызбайды. Жаһандану заманында, «постгуттенберг» эпохасы барлық ғылым салаларына, әсіресе гуманитарлық ғылымдарда ішкі институты өзгерістер, методологиялық жаңа құбылыстарды туғызды. М.М.Тәжин өз баяндамасында мұны талқылау барысында ХХ ғасырдағы екі методологиялық төңкеріс (біріншісі – Аннал ғылыми мектебі) екендігіне назар аудара отырып, тарих – пәнаралық ғылым, зерттеу нысанын «антропологиялық жылжу» концептуалды көзқарас тұрғыдан түсіну екендігіне орынды өз бағасын берді. Бүгін қазақстандық тарихшыларға ұрпақтар жолын жан-жақты, объективті тұрғыдан  зерттеуге толық жол ашық. Және де мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселелері де өз шешуін табуда. Мемлекеттік хатшының тарих ғылымының гуманитарлық ғылымдардың ішіндегі ұйытқы рөліне басты назар аудару – тарихшыларды қуантатын жайттан басқа – бұл жаңа ақпараттық бұлағы басым болған, постиндустриалдық ғасырда, интеллектуалды рухани капитал мемлекеттілігінің парадигмалық іргетасы екендігіне әлеуметтің, жалпы қоғамның осыны түсіну қажеттілігіне назар аудару. Мемлекет фундаменті бұдан да былай нық болуына – тарих ғылымының рөлі зор, кей кезде орын алатын тарихты бұрмалау, ұлт тарихын дүнижүзі тарихи процессерден тыс қарастырып, «ерекшелендіру» – жаһандану заманында ұлттық мүдде мен мемлекеттік идеяны, тарихи зерттеу принциптерден алшақтап – оқиға, тарихи дерек, тарихи факт араларын тепе-теңдікпен өлшеу – бұл методологиялық ұстаным негізінде деректерді жан-жақты талдап жүргізілетін тарихи зерттеу жұмысы бар екендігін түсінбеу деп тек қабылдауға болады.

Ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында тағы да бір өзекті, орын алған мәселелерінің бірі – тарихи кезеңдеу. Тарихи-бифуркациялық критерийіне басым назар аудара отырып, жаңа ғасырда тарихи уақыт өлшемі өзгергені, қоғамдағы құбылыстарға жаһандану заманының зор әсері бар екендігін ұмытпауымыз керек. Бұл тек методологиялық жаңарту, тарихи зерттеулердің пәнаралық басым болған мазмұны ғана емес. Бұл – тарихтың зерттеу кеңістігінің кеңейтуі, тарихи нысанының, ягни тарихи ақпаратқа (дерек), тарихи фактіге – жаңа көзқарас. Бұл көзқарастың негізі, қысқа айтсақ – пәнаралық синтез адіснамасы. Тарихи фактіні деректерде көзге түскен ақпаратпен теңдестіруден алшақтап – деректанулық талдауға шоғырлану, тарихшылардың жаңа методологиялық инструментарийі, яғни тек көрші гуманитарлық ғылымдардың әдістерін емес, өзге де жаратылыстану  ғылымдарының методикаларын пайдалануды игеру.

Мысалы, заманауи тарихты тек мемлекеттік мұрағаттарда сақталып келе жатқан акпараттық базасымен зерттеу – бүгін толық болмайды. Жаңа заманда тарихи дерекке айналып келе жаткан – акпараттың жаңа, сандық, қағаз жүзінде жоқ, үлгілері пайда болды, осыған қоса – ақпараттың тым, геометриялық көрсеткішпен есептегенде, өсуі. Миллиондаған ақпаратты игеру дәстүрлі тарихи зерттеу жолдармен зерттеуге, объективті тұрғыдан – мүмкіндік жоқ. Сол себептен – толық және жүйелі түрде осы тарихи мезгілді тарихшыларға зерттеу үшін – экономика-математикалық, компьютерлік әдістерді игеруге тура келеді. Пәнаралықты осы мысал арқылы-ақ көруге болады. М.М. Тәжиннің тарихты окутуда, зерттеуде ғылыми-инновациялық технологияларды кең пайдаланып, жаңа методологиялық инструментарийді игерген кадрларды даярлау айтқаны да сол бағыттағы қорытындылары. Тарихи веб-портал жасақтау туралы да әнгіме орын алды.

Түбегейлі айтылған проблемалар, сөз болған мәселелердің барлығына  тоқталуы мүмкін емес. Бүгін өткенді зерттеудің жаңа алгоритмін іздеу – гуманитарлық ғалымдардың заманауи болмысын қалыптастырды. Тарихи зерттеулердегі қазіргі номотетикалық әдісті, яғни кеңестік тарихнамадағы маркстік пайымның орнына келіп, тарихи зерттеудегі феноменологиялық бағытты – өткеннің адамын тану арқылы тарихи құбылысқа талдау жасауға ұмтылуы деп бағамдаған жөн.