Арепова Анар Дүйсенбайқызы 1982 жылы 02 ақпанда Өзбекстан Республикасында дүниеге келді.

pic1

1993 жылы Қазақстан Республикасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылына отбасымен бірге көшіп келді. 1999 жылы А.Н. Бубенцов атындағы орта мектепті қызыл аттестатпен бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетіне оқуға түсті. 2003 жылы бакалаврды, 2005 жылы магистратураны қызыл дипломмен тәмәмдады. 2005 – 2007 жж. осы университеттің тарих факультетінің аспирантурасында оқыды.2010 жылдың наурыз айынан бастап ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында Кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді.